» » БИШІ ҚЫЗДЫҢ ЕЛЕСІ (Призрак балерины)

БИШІ ҚЫЗДЫҢ ЕЛЕСІ (Призрак балерины)

Айжанның бала күнгі арманы – биші болу. Сол арманын орындау үшін қалаға жол тартты. Қаладағы ең беделді оқу орнына тапсырып, университетке грантқа түсті.

1-күн
Жаңа ортада жаңа достармен танысқан Айжан  бірінші күні-ақ үйренісіп кетті. Бәрі арманындағыдай еді. Үлкен зал. Жан-жағы айна. Әуенді қосып, ырғалып билегенде бәрін ұмытатын.

6-күн
Бұл жер оның сүйікті орнына айналды.  Сабақ біткен соң осында түн ортасына дейін қалатын. Билегенде айнадан өзін көріп, шабыты ашыла түсетін.

10-күн
Жарнамадан балетке басты рөлді сомдайтын қыз керек дегенді ести сала, Айжан кастингке асықты. Оған небәрі 3 күн қалған-тын. Енді бұл залға түнеуге тура келді. Түнеп те жүрді.

11-күн
Сабақтан шаршаған Айжан сүйретіліп осында келді. Біраз дайындықтан соң демалып алмақшы боп жерге жантаяды. Аз уақыттан соң көзі ілінеді. Шым-шытырық түс көріп жатыр. Оянуға мұршасы жоқ. Бір кезде «1, 2, 3, 4, 5» деген қыздың даусынан шошып оянады. Көзін ашса залдың жарығы өшірулі. Терезеден түскен ай жарығы айнаға сәуле шашып тұр. Ал сұмдығы айнадағы биші қыздың сұлбасы еді.

12-күн
Әдеттегіше Айжан дайындық орнына келді. Кешегі көргенін «түсім, қатты шаршаппын» деп жылы жауып қоя салды. Дайындығын бастап та кетті. Түн жарымында билеп жатқанда аяғынан әлдененің шалғанынан  жерге құлайды. «Бұл не болды екен?» деп біраз ойланады. Ақырында тағы мән бермей осында түнеп шығады.

13-күн
Бүгін соңғы күн. Ертең кастинг. Толықтай дайын екеніне сенген Айжан өз-өзіне риза. Сол күнді ол ұмытпайтынын да жеткізген еді. Қуаныш деймісіз? Жоқ. Түн бата ұйқыға кетеді. Түсінде ақ киім киген жас қыздың бейнесі күліп те, жылап та, ашуланып та қызға қарап тұрады. Қатты музыканың даусынан атып тұрса айналасында ешкім жоқ. Бір қызығы әуенмен бірге денесі билей жөнеледі. Әрине, Айжанның өз еркінсіз. Бұл би кастингтен өткен қыздың сомдайтын рөлі еді. «Қара аққу» деп аталатын қойылым. Мұның да өз тарихы бар. Ал биші осы рөлге эмоциямен, жан-тәнімен беріліп ойнауы тиіс. Қош. Қол-аяқтары еріксіз икемделіп жатқан Айжанның зәре-құты қалмаған. Екі қолынан қара қауырсындар шығып жатқанда қорқынышты түс деп өзін жұбатты. Ақырында аққуға айнала бастады. Музыка ырғағы бітер кезде қатты секіргеннен өзін ұстай алмай жерге құлайды. Үнсіздік.

14-күн
Ертеңіне қыздың еденде жатқанын курстастары тауып алады. Айжанның беті сұрланып кеткен. Көзі сол күйінше ашық тұр. Ең сорақысы екі аяғы сынған екен. Оны дереу ауруханаға жатқызады.

1 айдан соң
Иә, Айжан бүгін ғана есін жиды. Ұзақ ұйқыдан соң бүгін ғана достарымен қауышты. Арманының күл-талқан болғанынан хабары да жоқ еді. Себебі, енді ол ешқашан балетке қатыса алмайтын-ды.
Не болғанын түсінбей қалдыңыз ба? Негізі былай ғой. Әлгі залдағы биші қыздың елесі осы жерде бұрын білім алған. Және дәл осы би қойылымын сомдаған басты кейіпкер екен. Жол апатынан қаза тауыпты. Бірақ би әлемінің шексіз сезімінен босай алмай жүрсе керек. Ал оның сомдаған рөлін басқалар сомдаса, оңдырмайды мыс...

Айнұр ӘЛИ.
13 ақпан 2019 ж. 2 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031