» » Топ-7: Арықтауға арналған коктейльдер

Топ-7: Арықтауға арналған коктейльдер

Үйде жасалатын арықтауға көмектесетін барлық коктейльдер арықтататын қасиеті бар азық-түліктер негізінде дайындалады. Сонымен қатар, оған дәруменге толы қосымша ингредиенттер де қосылады. Арықтауға көмектесетін және дәруменге толы 7 коктейль рецептісін ұсынамыз. 
1. Антиоксидант коктейлі Қажетті ингредиенттер: 
- 1/2 кесе таңқурай, құлпынай немесе қарақат; 
- 1/2 банан;
- 1 шай қасық зығыр майы; 
- 1 зімбірдің кішкене бөлігі; 
- 1/2 стақан йогурт. 
Барлық ингредиенттерді араластырып, оған йогурт құйып, блендермен араластырамыз.
2. Арықтататын цитрусты смузи Қажетті ингредиенттер: 
- 1/2 грейпфрут; 
- 100 г шырғанақ (облепиха) шырыны; 
- 30 г зімбір; 
- қалауыңызға қарай бал. 
Зімбірді үккіштен өткізіңіз. Грейпфрутты қабығынан тазартып, бірнеше бөліктерге бөліңіз. Шырғанақ шырынын аздап сумен араластырып, туралған грейпфрут пен үккіштен өткен зімбірді салыңыз. Барлығын блендермен араластырыңыз. 
3. Балдыркөк коктейлі Қажетті ингредиенттер: 
- 200 г балдыркөк; 
2 алма; 
- 1/2 лайм; 
- 100 г су; 
- 1/2 стақан мұз. Алманы тазартып, бөліктерге бөліңіз. Балдыркөк сабағын ұсақтап тураңыз. Бұл ингредиенттерді блендермен араластырып, содан соң су құйыңыз және лаймды сығыңыз. Тағы да блендермен араластырыңыз. Соңында мұз салыңыз. Өте салқын сусын іше алмасаңыз, мұзды сумен ауыстырыңыз. 
Жылдам арықтататын балдыркөк сорпасы

4. Банан смузиі Қажетті ингредиенттер: 
- 2 ас қасық йогурт; 
- 1 банан; 
- 8-10 бадам жаңғағы; 
- 1 ас қасық бал; 
- 2 ас қасық сұлы үлпегі. Барлығын блендермен араластыру керек. Блендердің бадам жаңғағын ұсақтауға қуаты жетуін қадағалаңыз. Мысалы, блендердің арнайы жаңғақ  ұсақтағыш қондырмасын көріңіз.
5. Сүтті коктейль Қажетті ингредиенттер:
- 100 г сүзбе (майлылығы 0%); 
- 200 г сүт; 
- 1 банан; 
- 1 ас қасық бал; 
- 2-3 ас қасық сұлы үлпегі. Барлығын блендермен араластырыңыз. 
6. Шоколадты коктейль Қажетті ингредиенттер: 
- 100 г сүзбе (майлылығы 0%); 
- 2 стақан сүт; 
- 300 г жеміс-жидек; 
- 50 г какао; 
- 30 г құрғақ сүт. Құрғақ сүт пен какаоны суға езіңіз. Оған сүзбе мен жеміс-жидекті салып, блендермен араластырыңыз. Содан соң сүт қосып, жақсылап араластырып, тоңазытқышқа салқындауға қойыңыз.

7. Жасыл детокс-коктейль Қажетті ингредиенттер:
- 1 қияр;
- 200 г айран; 
- 1 алма;
- 1 бума асжапырақ (шпинат); 
- 100 г кез келген жидек. 
Барлық азық-түлікті алдын-ала пышақпен кесіп алып, содан соң блендермен еземіз. Қажетті кеңестер Фитнес-коктейльдер – ештеңе істемей-ақ арықтататын сиқырлы сусындар емес. Оны спортпен және дұрыс тамақтанумен бірге қолданғанда ғана өз нәтижесін береді. Мұндай коктейльдермен арықтауға арналған тағы бірнеше кеңес ұсынамыз: - Қоспаны блендерде 3-5 минуттан аз араластырмаңыз. Сол кезде ол көпіріп, жеңіл бола түседі және ағзаға оңай сіңеді; - Смузиге даршын қосыңыз. Бұл дәмдеуіштің иісі және қасиеті артық салмақтан арылуға өз пайдасын тигізеді; - Таңертең аш қарынға лимон қосылған су ішіңіз. Бірақ қант қоспау керек, оның орнына табиғи бал қосуға болады. Суға қияр, зімбір, жалбыз қосып ішуге болады. Мұндай детокс-сулар зат алмасу процестерін күшейтеді, ал ол өз кезегінде салмақ тастаудың да жылдамдауына көмектеседі. 

massaget.kz
25 қаңтар 2019 ж. 1 652 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 04:34
Derniers Conseils Plus Longs Is Periactin Available In Canada Kamagra Portugal online cialis Antibiotics From Canada Cialis Sobredosis

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031