» » Шаш өсіретін ең тиімді маскалар

Шаш өсіретін ең тиімді маскалар

Шаш өсіретін ең тиімді маскалар
Соңғы кездері шаштың көп түсу мәселесі жиі кездеседі. Алайда әйелдердің көпшілігі тек шашының сиректеуінен ғана емес, сонымен қоса баяу өсуіне де шағым айтады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларға бір әдіс – косметикалық маскалар қолданылады. Әсіресе, үйде дайындалатын beauty-құралдар тиімдірек әсер етеді.
Ережелерге мән беріңіз
Үйде жасалатын маскаларды қолдануда ұқыпты болған жөн. Біріншіден, шашты өсіруге және бекітуге арналған маскалар көпқұрауышты. Екіншіден, олардың негізі көп мөлшерлі құнарлы заттармен қаныққан. Сондықтан, дайындаған косметикалық масканы бірден шашқа жақпаңыз. Алдымен аллергиялық реакцияға тест жасаңыз. Ол үшін масканы құлақ артындағы теріге кішкене жағып, 10 минут ұстаңыз. Егер тері қышымаса, бөртпе шықпаса және қызармаса, beauty-өнімді батыл қолдана беруге болады. Аллергиктерге құрамына жұмыртқа және бал кіретін косметикалық маскаларды сақтықпен қолданған жөн. Себебі бұл екі өнім де аллергендерге жатады.
Маска түрлерін кезектестіріп қолданыңыз. Оларды қаншалықты жиі алмастырып қолдансаңыз, соншалықты жақсырақ нәтиже көресіз. Сонымен қатар, әр масканы үш рет болсын қайталаңыз. Басқаша айтқанда, маска түрін 1 айдан кейін ауыстырған жөн.
Шаштың өсуіне арналған маскаларды аптасына 3 ретке дейін жағу керек. Процедураның алдында басқа массаж жасаңыз. Масканы көрсетілген уақытпен ғана ұстаңыз. Кейде артық ұстаған кезде белсенді заттарға шаш бұрымдары үйреніп қалып, қалаған әсер болмай қалады.
Майлы шашқа арналған маскалар
Ақжелкен маскасы. Құрамы: 1 бума ақжелкен, 1 ас қасық майсана майы. Ақжелкенді жуып, ет тартқышпен (немесе блендермен) ботқаға айналдырыңыз. Оған майсана майын құйып, араластырыңыз. Масканы 5 минут ұстаған соң, шашының барлық ұзындығына жағып, бір бөлігін бас терісіне уқалаңыз. Жарты сағат өткен соң, масканы жылы сумен жуып тастаңыз.
Қара нан маскасы. Құрамы: 1 стақан пияз қабығының қайнатпасы, 1 шикі жұмыртқаның ағы, 100 г қарабидай наны. Пияз қайнатпасын дайындау үшін 1 уыс пияз қабығына 200 мл су құйып, отқа қойып, оны қайнағанға дейін қыздырып, одан соң 5 минут жай отта ұстаңыз. Содан соң оны суытып, сүзіп алыңыз. Оған нанның жұмсағын және жұмыртқаның ағын салып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Масканы шашқа жағып, пакетпен орап қойыңыз. 20 минут өткен соң, масканы салқындау сумен жуыңыз.
Құрғақ шашқа арналған маскалар
Ошаған майы маскасы. Құрамы: 1 ас қасық ошаған майы, 1 шикі жұмыртқаның сарысы. Жұмыртқаның сарысын шанышқымен араластырып, оған жылытылған ошаған майын құйыңыз. Осы масканы бас терісіне жағып, 10 минут шамасында массаж жасаңыз. 45 минуттан соң масканы сусабынмен жуып тастаңыз.
Алмұрт маскасы. Құрамы: 1 ас қасық алоэ шырыны, 1 ірі алмұрт.  Алмұртты блендермен езіп немесе үккіштен өткізіп, оны алоэ шырынымен араластырыңыз. Масканы шаштың ұзындығына да, бас терісіне де жағыңыз. Оны 20 минуттан соң, жұмсақ сусабынмен жуып тастаңыз.
massaget.kz
29 сәуір 2018 ж. 3 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031