» » Косметикалық майлар және олардың қасиеті

Косметикалық майлар және олардың қасиеті

Косметикалық майлар және олардың қасиеті
Дәріханалардан осы косметикалық майларды жиі көреміз, алайда біздің теріміздің сұлулығына қандай әсері барын біле бермейміз. Кез келген арудың қол астында қас жұлатын пинцет немесе мақта дискілері емес, осы майлардың тым болмаса бір-екеуі болуы тиіс.
Авокадо майы
Қасиеттері: Бетті жұмсартады, қорек береді, тез сіңеді, құрғақ, қартайып бара жатқан теріге арналған, көздің айналасына жағуға болады. 
Ерекшелігі: Адамның тері астындағы майдың қасиеттеріне ұқсас, ультракүлгін сәулелерден қорғайды. 
Үйде қолданылуы: Авокадо майының 10 тамшысын сүйікті креміңіздің немесе лосьон, тониктің 10 грамына араластырып күнделікті бетке жағуға болады. Ал құрғақ бетті жұмсарту, жарылған бетті қалпына келтіру үшін майды 30-40 минутқа жағып, кейін майлықпен сүртіп тастауға болады. Процедураны күніне 2 рет қайталасаңыз, әсерін бірден байқайсыз. 
Жүзім дәндерінің майы
Қасиеттері: Антиоксидант, теріні жасартады, май балансын қалпына келтіреді, жылдам сіңеді, терінің тесіктерін бітемейді. Көз айналасындағы нәзік теріге де қолдануға болады. Құрғақ, әлсіз шаштарға да пайдалы. 
Ерекшелігі: Тері майын және шаштың табиғи майын қалпына келтіреді, A, B, C, E, PP дәрумендеріне бай. 
Үйде қолданылуы: Майды жұмсарту үшін де, теріні тазалау үшін де қолдануға болады. Теріні тазарту үшін сәл қыздырып алып, мақта тампонымен бетіңізді сүртіңіз. Косметика қалдықтарын тазалау үшін де пайдалануға болады. 
Өрік дәндерінің майы
Қасиеттері: Қоректендіреді, жұмсартады, теріні күшейтіп, қалпына келтіреді, кез келген тері типіне пайдалы. Әжімдерді жазып,теріні жасартады
Ерекшелігі: Балалардың нәзік терісін қорғау үшін қолдануға жарамды. Целлюлитпен жақсы күреседі. Жараның жылдам жазылып, ізін қалдырмау үшін де қолдануға болады. 
Үйде қолданылуы: Абрикос майын лосьон немесе тоник ретінде де пайдалануға болады. Сонымен қатар, шаш және тырнақ күтімі үшін қолдануға да болады. Шашқа арналған бальзамның 100 грамына 10 тамшы қоссаңыз жеткілікті. Тырнағыңыз сынбауы үшін тырнақ лагын өшіріп, 10 минут тұзды суға салған соң өрік дәндерінің майымен сүртіңіз. Процедураны айына 1 рет жасау жеткілікті.
Кокос майы
Қасиеттері: Антибактериалды, теріні қоректендіреді, ылғалдандырады, жұмсартады. Сезімтал теріге де қолдануға болады.
Ерекшелігі: Тері инфекциялары және басқа да аурулары кезінде қолданылады. Күннен қорғануға арналған және күнге күюге арналған кремдер құрамында да қолданылады. Қабынған теріні тыныштандырады. Тері тургорын күшейтіп, жасарту қасиетіне ие. Майды ішке қабылдау асқазан, ішек-жолдары жұмысын жақсартады. 
Үйде қолданылуы: Тері күтіміне тек рафинадталған майды қолданған жөн. Қабыршақтанған теріні 1-2 күнде қалпына келтіреді. Ол үшін таза теріге жұқалап жағу жеткілікті. Күріш ұнының 2 ас қасығына 1 шай қасық кокос майын қоссаңыз, тамаша маска шығады. Ұнтақталған 2 ас қасық кофеге 1 ас қасық кокос майын қоссаңыз, теріңізге арналған антицеллюлит скраб дайын болады. 
Апельсин майы
Қасиеттері: Ароматерапия ретінде тыныштандыратын қасиеті белгілі. Теріні де тыныштандыратын, ылғалдандыратын әсері бар. Апельсин майы ылғалдың сақталуына ықпал етеді. Апельсин майы қабынған теріге де оң әсерін тигізеді. Сондықтан безеу бетке де жағу ұсынылады. 
Ерекшелігі: Антибактериалды, қабыну процесін тежейді. Сонымен қатар теріні ағартады. Сондықтан пигментті дақтармен күресте де пайдаланады. 
Үйде қолданылуы: Апельсин майы – ең қолжетімді майлардың бірі. Ванна қабылдағанда майдың бірнеше тамшысы ваннаны хош иіске бөлеп, теріңізге пайдасын тигізеді. Безеуді жылдам кетіру үшін мақта таяқшасын майға батырып, проблемалы жерге жағыңыз. Целлюлитпен күрес үшін массаж майына 1:6 қатынаста қосып, денеңізге жағыңыз. 
23 ақпан 2018 ж. 2 350 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 16:43
Cialis Pills For Sale viagra Kamagra Villeurbanne 100mg

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031