» » Арықтауға мүмкіндік бермейтін 7 жасырын себеп

Арықтауға мүмкіндік бермейтін 7 жасырын себеп


Артық салмақтың тұқым қуалаушылық, артық тамақтану, отырыңқы өмір сүру салты секілді айқын себептерінен басқа біз ойламаған жасырын себептері де бар.

1. Дұрыс тамақтың көптігі
Егер пайдалы азық-түліктердің үлесін бақыламаса, артық салмақ қосылуы мүмкін. Жаңғақтар, ет, балық, жемістер, әрине, пайдалы, бірақ оларды килограмдап жеу керек деген сөз емес. Мысалы, 100 г жаңғақта 600 ккал болады, ал сонша конфет 500 ккалды ғана құрайды. Әрине, жаңғақтың химиялық құрамы үйлесімдірек, бірақ мұндай «пайдалы» калорияның өзі артық болуы мүмкін.

2. Күйзеліс жағдайы
Диетологтар арасында «жүйкелі қарын» деген арнайы мағына бар. Яғни, созылмалы күйзеліс салдарынан салбыраған қарын пайда болады. Сондықтан диета ұстамас бұрын барлық кикілжіңді ретке келтіріңіз.

3. Су жетіспеушілігі
Су ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне және тұрақты зат алмасуына өте қажет.

4. Есепке алынбаған калориялар
Шайға салынған бір қасық қант, салатқа құйылған тұздық, нанға жағылған джем, кофеге ұсынылған артық печенье – осылай ағзаңызға күніне артық 400-500 ккал кетеді.

5. Таңғы астан бас тарту
Бірден ұйқыдан тұра сала жұмысқа жүгіруді, таңда тек шай ішіп қана жүруді доғарыңыз. Мұндай жолмен арықтай алмайсыз. Таңнан бастап баяу көмірсулар, ақуыз, жасұнық үлесінің болмауы ағзаның «аштық» режиміне қосылуына итермелейді. Сол кезде калориялар кетпей, «қара күнге» жинала береді. Сондықтан таңертең толыққанды таңғы ас ішуді ұмытпаңыз.

6. Жапырақты көкөністерді қажетті мөлшерде қолданбау
Насыбайгүл, ақжелкен, орамжапырақ және басқа да салаттың сұрыптары ағзаны керемет қанықтырады, дәрумендермен қоректендіреді және арықтауға көмектеседі.

7. Қажетті 7 сағаттан кем ұйықтауӘрдайым ұйқының қанбауы көптеген проблемаларға әкеледі.
Соның бірі – артық салмақ.

20 қаңтар 2019 ж. 1 195 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 05:12
Viagra Zihuatanejo Zithromax To Buy Uk Buy Propecia Online Uk cialis no prescription Cilais Et Priligy

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031