» » Қыздарға қалай жылдам салмақ қосуға болады?

Қыздарға қалай жылдам салмақ қосуға болады?

Қыздарға қалай жылдам салмақ қосуға болады?
Артық салмақты тастай алмай, арықтай алмай жүрген жандар көп. Бірақ салмақ жинай алмай жүрген құрбыларымыз да баршылық. Бүгінгі айтпағымыз осы жайлы болмақ.
Салмақ қосудың түрлі жолдары бар. Сан түрлі кеңестер де айтылады. Дегенмен ең алдымен денсаулығыңызды тексертіп, сараптамасын білген абзал. Одан кейін барып қана ғаламтордағы немесе достарың айтқан кеңестердің керегін кәдеге жаратқаның жөн-ақ.
Салмақ жетіспеушілік – бұл жақсы ма, жаман ба?
Әрине көп нәрсе адамның табиғатына байланысты. Мысалы, астениктер ешқашан толмайды, олардың сүйегі жіңішке және денесі арық. Тұқым қуалаушылық пен метаболизм ерекшеліктері – арық келбеттің тағы бір себебі.
Кейде арықтық қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, егер қалқанша безі қызметі бұзылған болса, тиреотоксикоз ауруында, сонымен қатар бірінші дәрежелі қант диабеті мен ісіну кезінде адам салмақ тастай бастайды. Егер еш себепсіз салмақ тастай бастасаңыз, дәрігерге қаралғаныңыз жөн.
Кәсіби мамандар кеңесіне құлақ асар болсақ, дұрыс тамақтануды алдыңғы орынға қояды. Ақуызы мол тағамдарды тұтыну қажет. Сондай-ақ денсаулыққа зиянды тағамдардан бас тарту керек.
Салмақ қосу үшін спортпен шұғылдану маңызды. Өзің арық болып, жаттығулар жасасаң нең қалады? деп ойлауың мүмкін. Расында олай емес. Физикалық жаттығулар денедегі энергияны қалыпқа келтіріп, бұлшықеттердің өсуіне жағдай жасайды. Аптасына 2-3 рет кем дегенде 45 минут спортпен шұғылданған абзал.
Демалысқа баса мән беру керек. Ұйқы да салмақ қосуға кедергі болады. Ұйқы уақытын ретке келтіріңіз.
Үйде жасалатын жаттығулар
Фитнеске немесе арнайы спортзалдарға барып шынығуға уақыт болмаса, үйде де жасауға болатын жаттығулар бар. Кез келген жаттығуды дене қыздырудан бастау керек. Себебі бірден қиын жаттығуларға кіресе кетсеңіз, жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Үйде спортпен шұғылдануды бір орында тұрып жүгіру, мойын жаттығулары, секіргішпен жұмыс, отырып тұру секілді жаттығулардан бастау керек. Одан кейін жаттығуларды қиындатуға болады.  
Дұрыс тамақтану қажет
Диетолог мамандар салмақ қосу үшін майлы тағамдарды көп жеуге кеңес бермейді. Себебі тез салмақ қосамыз деп майлы, болмаса фаст-фуд өнімдерін жеуге асығамыз. Шын мәнінде, бұлай жасау - денсаулыққа зиян.
Салмақ қосу үшін аз-аздан күніне кем дегенде 5 рет тамақтану керек. Таңғы ас құнарлы әрі тойымды болғаны жөн.
Толғысы келетін жандар үшін ас мәзірі
Таңғы ас: сүтке пісірілген, сары май қосылған сұлы немесе тары ботқасы; жеміс қосылған сүзбе, тәтті қара шай немесе какао.
Екінші таңғы ас: бір стақан шырын, зәйтүн майы қосылған авокадо салаты; май жағылған нан немесе ірімшік пен нан.
Түскі ас: көк салат; ет немесе балық сорпасында дайындалған кез келген көже; қыздырылып пісірілген қой еті, гарнирге – пісірілген картоп; десерт.
Бесіндік: сүтке пісірілген омлет; майлы сүт қосылған кофе.
Кешкі ас: майлы балық; күріш пен көкөніс салаты.
Ұйықтар алдында: бір стақан айран.
Салмақ қосу үшін арнайы дәрумендер мен қоспаларды ішуге кеңес беретіндер бар. Бірақ қыздар абай болғаны жөн. Мұндай сәтте кәсіби маманның кеңесіне құлақ асу керек. Сондай-ақ салмақ қосуға көмектесетін қоспаны арнайы дүкендерінен алған абзал. Егер оны ішкеннен кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, бірден бас тартқан дұрыс.
massaget.kz
29 тамыз 2018 ж. 3 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031