» » Пайғамбарымыз неге суды бөліп-бөліп ішуді өсиет еткен?

Пайғамбарымыз неге суды бөліп-бөліп ішуді өсиет еткен?

Ислам – әдепке толы дін. Әр нәрсенің өз алдына бір әдебі бар. Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмбетіне су ішудің де әдебін үйреткен.

Әнастың (р.а.) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) су не басқа да сусындарды үш демде ішетін еді (Бұхари, «Әшрибә», 26; Мүслим, «Әшрибә», 123).
Ибн Аббастан жеткен тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Түйе секілді бір демде ішпеңдер. Екі, үш демде ішіңдер. Бір нәрсе ішетін кездеріңде «бисмилләһ» деп, ішіп болған соң «әлхамдулилляһ» деңдер», – деген (Тирмизи, «Әшрибә», 13).
Бұл хадистерден білгеніміздей, мұсылман суды бірнеше бөліп, демалып барып ішуі тиіс. Мүслимнің риуаятында суды үш бөліп ішудің пайдасы жайлы қосымша баяндалған. Онда:
  1. Үш демде су ішкен адамның шөлі жақсы қанады.
  2. Суды үш бөліп ішу денсаулыққа да тиімді, асқазанға да пайдалы, – делінген.
Әбу Сағид әл-Һудриден риуаят етілген хадисте Аллаһ Елшісі (с.а.у.) асты не суды үрлеп ішуге болмайтындығын айтқан. Осы кезде бір адам Пайғамбарымызға (с.а.у.):
– Ішетін нәрсеме қоқыс түсіп кетсе не істеймін? – дейді.
– Түскен нәрсені төгіп таста, – дейді Аллаһ Елшісі. Әлгі адам тағы да:
– Бір деммен су ішсем, шөлім қанбайды, – дейді.
– Олай болса, аузыңды ыдыстан ал, – деп жауап береді (Тирмизи, «Әшрибә», 15).
Міне, бұл хадистен де бір деммен су ішкен адамның шөлі қанбайтыны айтылған. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) ыдыстан аузыңды тартып, деміңді алып алуды өсиет еткен. Жоғарыдағы хадистен Пайғамбарымыз (с.а.у.) сусынды не асты үрлеп ішуден тыяды. Әбу Қатададан жеткен хадисте де Аллаһ Елшісі ыдыстың ішіне демалуға тыйым салған (Бұхари, «Удуғ», 19; Мүслим, «Таһарат», 65, «Әшрибә», 121).
Себебі, бір ыдыстан бірнеше адам су ішкенде ыдыстың тазалығын қамтамасыз етуі үшін де Аллаһ Елшісі бұған мұқияттылық танытуды ескерткен.
Демек, мұсылман сусын ішкенде үрлеместен, бірнеше демде, демін алып, шығарғанда да аузын ыдыстан ұзақтатып барып ішуі абзал.

Салтан САЙРАНҰЛЫ
kazislam.kz
18 қаңтар 2019 ж. 2 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031