» » ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЖАҢА БЕТБҰРЫС?

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЖАҢА БЕТБҰРЫС?

Күн батареясын қолдану мүмкіндігі, газбен жұмыс істейтін жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көлік,  қайта өңдейтін зауыттар, климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологиялар, қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану, кәріз қалдықтарын қайта пайдалану тағысын тағы. Бұл – жасыл экономиканың артықшылығы. Мұны әркім әрқалай түсінеді. Жалпы жасыл экономика дегеніміз не?


Менделеев элементтеріне бай Қа­зақстанның әлем елдерінің алдыңғы легін­де «жасыл экономикаға» өтуге деген ұмтылысы қуантпай қоймайды. Қадам­ның да дұрыс бағытқа бұрылуы жыл өткен сайын қуатталуда.


Негізгі мәселе елдегі көмірсутегі қорларының аздығы не көптігіне байланысты емес. «Жасыл экономиканың» адамзаттың ендігі жүрер жолына айналатынын осы салада күнделікті ашылып жатқан жаңалықтарға қарап аңғаруға да болады.

Жасыл экономика – адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Сондай-ақ, халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылуда. Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылдаған алғашқы ел. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады. Олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымын сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицияны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаты қарастырылған. Ал, Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Бразилия көліктің 80 пайызын қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлау­да. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабыл­дап, көміртектің шығарылымының тө­менгі деңгейін белгілеген. Ал, Қа­зақ­станда «жасыл экономика» бағ­дар­ламасы бойынша жоспарлар жолға қойылған. Мәселен, 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энергетикалық тиімділіктің жоғары стандарттары негізінде құрылыс жүргізуге бағытталған ұлттық экономиканы бет­бұрыстандыру. Сондай-ақ, 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшіруді қарастырған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылу мен тұрақтылық негізінде қолданылуын пайымдайды. Тұжырымдама бойынша «жасыл экономикаға» көшу шаралары су ресурстарын тұрақты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауа­ны ластау­ды азайту, экожүйелерді тиімді басқару бойынша жүзеге асырылады.

Ескере кетерлігі, жасыл экономика өркендеуші елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді.

Әлем жедел дамыған мына заманда менедж­менттік трансформациямен ғана үздіксіз шұғылдана беруге болмайды. Қор қызметіндегі түбегейлі жол­ға қойылған қалыпты жай үдеріске айналуы тиіс. Ал, қордың стратегиясы әлем экономикасында жүріп жатқан өзгерістерге қарай бағытталуы керек. Мәселен, қордың төрткүл дүниеде қарқынмен дамып келе жатқан жасыл технологияларды енгізуде қандай жаңалықтары бар? Бізде қандай болмақ? Міне, бізді де осы сұрақтар қы-зықтырады.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
24 желтоқсан 2018 ж. 2 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031