» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Рапиль Жошыбаев әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.Қызылорда облысына «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕ АҚ делегациясы іссапармен келді. Сапар барысында делегация мүшелері Сыр өңірінде «жасыл» технологияларды енгізу жөнінде мәжіліс пен Қызылорда облысында инновациялық технологияларды енгізу бойынша әріптестік туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысып, аймақтың бірқатар нысанын аралады.
Мәжілісті ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірде «жасыл» экономикаға көшу және инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес облысымызда 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстық бюджеттен Қазалы және Қармақшы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға қажетті қаражат бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының Жолдауынан туындаған басты міндеттерінің бірі – инвестицияларды тарту. Осы мақсатта облысымызда барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін бірыңғай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2018 ж. 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 15,4 пайызға өсіп, 65,9 млрд.теңгені құрады», - деді аймақ басшысы.
Атап өтейік, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы толықтай автоматтандырылған, сондықтан техникалық шарттарды ұсыну мерзімі 1 айдан 3 жұмыс күніне дейін қысқарды.
Мәселен, 7 бағыт шеңберінде электр қуатын үнемдеу саласында қызу шамдарын қуат үнемдейтін шамдарға ауыстыру жұмыстары белсенді жүргізіліп, нәтижесінде көше жарықтандыру шығындары 12 % азайды. Қалдықтарды басқару саласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өндейтін компаниялар пайдаланылған автокөлік дөңгелектерін қайта өндеп, тротуар плиталары мен черепица шығарып, резеңке ұнтағы мен тамшылатып суару үшін пайдаланылатын жерасты құбырларының өндірісін қолға алды және т.б.
«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде таныстырылған жобалар аясында облыста осы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, атом (уран) өнеркәсібі саласында - 4 технология («Қызылқұм» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС), экология саласында – 2 технология («Барсакелмес» қорығы, орман шаруашылығы); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – 1 жоба (ҚЭТК). Атап айтқанда, «ҚЭТК» АҚ (электр жүйелері компаниясы) мен «Siemens» компаниясы арасында «Смарт грид» қуатты үнемдеу технологиясын енгізу туралы келісімге қол қойылды.
Өз кезегінде, Рапиль Жошыбаев Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының «жасыл» және жаңартылмалы қуат көздері, қуат тиімділігі мен қуатты үнемдеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен әріптестік орнатудың маңыздылығын атап өтті.
«Техникалық және әкімшілік қолдау, сондай-ақ, жасыл инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аясында орталық Қазақстан аймақтарында «бірыңғай терезе» қағидасымен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жасыл технологиялар реестрін қалыптастыру және жүргізу, ал жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекет ету аясында өңірлік «жасыл жобалар картасын» әзірлеу жоспарлануда. Бұл жұмыс ҚР аймақтарында әлеуетті төмен көміртекті жобаларды анықтап, жасыл жобаларды іріктеу әрі жүзеге асыру мақсатында бизнес үшін тұғырнама жасақтауға жол ашады» , - деді Рапиль Жошыбаев.
Жиын қорытындысымен Қызылорда облысында «жасыл технологияларды» енгізу және инвестицияларды, оның ішінде халықаралық инвестицияларды тарту жөнінде меморандумға қол қойылды. Меморандум тұрақты даму, экология, «жасыл» энергетика мен жаңартылмалы қуат көздері, қуатты үнемдеу және тиімді пайдалану, цифрландыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды өндеу және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы саласында жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекет етуді көздейді.
Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында делегация мүшелері Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қала нысандарын, автокөлік шиналарын өндеумен айналысатын «Смарт Раббер» ЖШС, және облыс орталығының бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарын аралады.
#Қызылорда
#ЖасылЭкономика
18 маусым 2018 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031