» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин мен Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Кездесу барысында әріптестік мәселелері талқыланды.Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинді жаңа қызметімен құттықтады әрі облыстың инвестициялық әлеуетін таныстырды.
«Өңірлік сауда-экономикалық әріптестікті дамыту жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Ортақ жұмыстың арқасында 2018 жылдың 1 тоқсанында Қызылорда облысы мен Ресей Федерациясының өзара сауда жасау көлемі 14 437,6 мың АҚШ долларды құрап, 2017 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 16,7 пайызға артты», - деп атап өтті облыс әкімі.
Сондай-ақ, өңір басшысы Қазақстандағы Германияның Бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Йорн Розенберг аймақтың әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшырылымын тамашалады.
Кездесу барысында Қазақстанда өкілдіктері бар неміс компанияларының Қызылорда облысындағы түрлі жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Өз кезегінде дипломатиялық миссия өкілдері аймақпен әріптестік орнатуға қызығушылық танытты.

08 маусым 2018 ж. 1 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930