ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАМАНАУИ IT-ПАРК АШЫЛАДЫ
Жақын арада Қызылордада алғашқы өңірлік IT-парк жұмысын бастайды. Мұнда талантты жастар өздеріңін стартап-жобаларын әзірлеп, оларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарта алады.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ІТ-парк жұмысымен танысып, оның цифрландыру жөніндегі бағдарлама аясында маңыздылығын атап өтті.
IT-парк құрамында ақпараттық-тіркеу бөлімі, жұмыс аймағы, презентациялау аймағы, бизнес-келісім аймағы, әңгімелесу-демалыс аймағы, оқыту аймағы, техно-лаборатория (мастерская), 3D студия, серверлік бөлме бар.
Ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Индира Ақжигитованың айтуынша, ІТ-паркті құру талантты жастарды қолдап, олар жасаған инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, түрлі лабораториялық симулятор, 2D, 3D графикалық жобаларды әзірлеу мен өндірістегі қолданысын тестілеуге, ақпараттық-бағдарламалық өнімдер жасап шығаруға, өндіріс және облыс дамуының салаларын автоматтандыруға және оларға қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 10 қаңтарындағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының Жолдауына сәйкес 10 міндеттеменің 7-уі салаларды цифрландыруға бағытталып отыр.
Қызылорда облысының делегациясы үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясының Татарстан Республикасындағы Қазан ІТ-Паркының қызметімен танысып, облысымызда жүзеге асыруға шешім қабылданды.
Онымен қоса, 2017 жылдың желтоқсан айында қаламызда алғаш рет ұйымдастырылған "HаckDаy-2017" аймақтық фестивалі өңірімізде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында талантты жастардың көп екендігін дәлелдеп, өңірімізде алғашқы ІТ-Парктің құрылу қажеттілігін айқындады. Онда 500 жуық жас өздерінің жобалар, идеялар мен жасақтамаларын таныстырды.