» » ТЫЙЫМДАРДЫҢ ТӘЛІМІ

ТЫЙЫМДАРДЫҢ ТӘЛІМІ


Айбарша есікті керіп тұр. Айтқан тілді алмайтын бала үйге де жүгіріп келетін. Алтын апа «Балам, үйге қарай жүгірме. Есікті керме» деп сәт сайын қайталап, санасына сіңірсе де құлақ аспады. Бос бесікті тербетіп, үйдегілердің ашуын келтіретін. Тіпті, ойнайтын жер құрып қалғандай, ауыл шетіндегі күл-қоқыстың үстінде жүріп ойнайтынды шығарды. «Күлді баспа» деген тыйым оған шыбын шаққан құрлы болмады, білем. Уақыт сырғып өте берді. Сол сотқар қыз бой жетіп, тұрмысқа шықты. Бірақ, қанша тырысса да перзент сүйе алмады. Әйткенмен, дәрігерлер оның денсаулығынан бір мін таппады. Күндердің күнінде ақ жаулықты ананың «Тыйымдардың барлығы адам денсаулығына әсер ететіндіктен айтылған. Күлді баспа дейтіні, күл-қоқыс, сүйек-саяқ жынның тамағы дейді. Медициналық тұрғыдан келгенде де ол қыз баланың болашақта бала көтеруіне де кедергі келтіреді» деген сөзін естіп қалды. Тыйымға құлақ аспаған делқұлыдай басын ұстап отыра кетті. Көзінен тамшы сырғып, жерге төгіле берді, төгіле берді...

Тыйым сөздер – ерте кезден-ақ қазекемді үлгі-өнеге тәрбиелеп, қателіктерге жол бермеуге септігін тиігізген. Жат пиғылдан, орынсыз қылықтан жағымсыз іс-әрекеттен сақтануға қолданған. Баланы ерте жастан жаман әдеттен, ерсі қимылдан, әдепсіз істерден ада болуға тәрбиелеп отыруда маңызды рөл атқарған. Есі жаңа кіргеннен бас­тап ер жеткенге дейін құлағында жүріп, жүрегінен орын алатыны да сөзсіз. Өйткені, ойлы, мағынасы да терең бұл сөздер баланың есте сақтауына да жеңіл. Мұндай өнегелі, мейірімді сезімге, адами құндылыққа үйрететін бұл тыйымдарда айтылуы қатқылдау болғанымен, адам жанына төгер шуағы мол екені айқын. Тыйым сөздер қысқа да нұсқа болғанымен бұйрықты, мәнді. Әрі айтылғанда орындауға еріксіз мойын ұсындырған. Бұған қарапайым мысал келтіруге болады. Мәселен, «ақты төкпе», «күлді баспа», «айға қолыңды шошайтпа».

Тыйым сөз мағынасының ас­тары­нан тәрбиенің түрлі саласын аңғаруға болады. Бұл да екіге бөлінеді екен. Біріншісі – түрлі адамның қарым-қатынасынан пайда болса, екіншісі – тылсым табиғаттың киесі ұруынан, әруақтың қаһарынан, пәле-жаладан қорғануға арналған. Енді осылардың мазмұнын жіктеп ажыратып айтсақ, адамның қарым-қатынасына айтылған тыйым сөздерде үлкен-кішінің арасындағы, әке мен балаға қатысты, ағайын арасындағы, жеке адам басына байланысты айтылған тыйым сөздердің үлгісі бар. Олар – дастарқанды баспау, табалдырықта тұрмау, үлкенге дауыс көтермеу, ата-ананың назасына қалмау, ағайынға пышақ, балта, қайрақ сыйламау, некелілердің төсегіне отырмау, кіндік көрсетіп жүрмеу, тағы басқалар. Екінші түрі – отқа түкірме, үйді айналма, үйге қарай жүгірме, молаға қолыңды шошайтпа, айға, молаға қарап дәрет сындырма, жағыңды, бүйрегіңді таянба т.с.с. міне бұл айтылғандар пәле жаладан аулақ болу, табиғаттың тылсым құдіретінен, әруақ пен тәңірдің киесінен сақтандыруға арналған тыйым сөздер екенін айтуға болады.

Біз, қазақ көбіне ұлттық жәді­гер­лерімізді насихаттауға келгенде бармыз да, ал оны іске асыруға келгенде салақтық танытатынымызды жоққа шығара алмаймыз. Ендеше, ұлттық құндылықтың бір саласы болып саналатын тыйым сөздерді де қажетке жаратып, жастардың көкейіне қон­дырсақ, ұтылмаймыз, ұтамыз.  

Айдың соңы. Нәрестесі жол қараса үйге қонақ келеді деп есікке елеңдеген халықпыз ғой. Ара-тұра алақанға қарап, аспанға көз тастаймын, сол алақаным қышып төбеден ақша жауар ма екен деп. Кейде ырымның шындыққа жанасатында кездері болады. Қызды қырық үйден тыйған қазақтың тыйыммен қатар ырымнан да жорамал жасауы түгесілген жоқ. Ал, тыйымды қолданасыз ба?
                            
Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы»
14 желтоқсан 2018 ж. 1 800 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031