» » Бүгін жұлдыздар не дейді екен?

Бүгін жұлдыздар не дейді екен?


Тоқты
Бүгін өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік туады. Берілген мүмкіндікті қолдан жіберіп алмауға тырысыңыз. Қиындық тудырған проблемалар болса, оны жақын адамдарыңызбен ақылдаса отырып шешіңіз.
Торпақ
Күн айтарлықтай жаңалыққа толы болмаса да, сәтті өтпек. Сіз алға қойған мақсатыңызға жету жолында не істеріңізді білмей есеңгіреп қалуыңыз мүмкін. Сіздің жеткен жетістігіңіз еңбегіңіздің арқасында емес, біреулердің көмегімен келгенін естен шығармағаныңыз жөн. Қаржыңызды барынша үнемдеуге тырысыңыз.
Егіздер
Сіздің басқаруыңызбен өтетін күн қарбаласқа толы болмақ. Кәсібіңіз/оқуыңыз бен жеке өміріңізді ретке келтіргеніңіз жөн. Барынша сабыр сақтап, ашуыңызды ақылға жеңдіруге тырысыңыз. Маңызды шешімдер қабылдаудан сақ болыңыз.
Шаян
Таныстарыңыздың арқасында жетістіктерге жетуіңіз мүмкін. Батылыңыз жетсе де өз бетіңізбен артық әрекет жасаудан сақ болыңыз. Жеке өміріңізге өзгеріс енгізбес бұрын, жеті рет өлшеп бір рет кескеніңіз жөн.
Арыстан
Ешкімнің қолдауынсыз, ақылынсыз қиын жұмыстардың да шешімін табу сіз үшін оңай болмақ. Сіздің тың ойларыңыз бен жобаларыңыз аз шығын арқылы жүзеге асуы ықтимал. Сүйіктіңізге де көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Бикеш
Бикештер тез ойлап, ешкімнің ақылынсыз өз бетімен әрекет етуінің арқасында қарсыластары мен көре алмайтын адамдарын алдын шаң қаптырып кетуі ықтимал. Дарыныңыздың арқасында елеулі жетістіктерге жетіп, жеке өміріңізде де айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін.
Таразы
Өзіңіздің дегеніңіз болсын десеңіз, нық қадамдар жасап, әрекет етіңіз. Сіздің орныңызға басқалар да шешім қабылдауы мүмкін. Болашаққа жоспарлар құрып, оның орындалуына алғашқы қадам жасайтын керемет күн. Кешкі кездесуден бас тартпаңыз.
Сарышаян
Осы жылдағы ең қиын күндердің бірі. Жұлдыздар сізді қолдамай, өз бетіңізбен шешім қабылдайтын кез. Қателіктерді бірінен кейін бірін жіберіп, еңсеңіздің түсуі де ықтимал. Бірақ мойымаңыз, бәрі өз қолыңызда. Ойланып, ішкі түйсігіңізге де ерік берсеңіз, сынақтан оңай өтуіңіз ықтимал.
Мерген
Күн қарбаласқа толы болмақ. Тіптен оқиғаның бірінен кейін бірі орын алып жатқанына таң қалуыңыз да мүмкін. Уақыт өте келе мұндай қиындықтар менің өмірімде неге болып жатыр деген сауалдың да шешімін тапқандай боласыз. Өткен уақыт аралығында жіберген қателіктеріңіздің жазасы деп есептеп, дұрыс шешім қабылдағаныңыз жөн. Əр істе сабырлық танытыңыз.
Тауешкі
Күн сіздің ойлағаныңыздай болмаса да жақсы өтпек. Күн басында өте қиын мәселелермен беттесуіңіз мүмкін. Оның шешімін тек қана қолдаушыларыңыз бен беделді таныстарыңыз ғана шеше алуы ықтимал. Бұрын аяқсыз қалған істеріңізді жалғастырғаныңыз абзал. Сүйіктіңізбен сөйлескенде ашуға бой алдырмаңыз.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн бар жағынан жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Алайда, аяқсыз қалған жұмыстарыңызды ойлап, басыңыз қатуы мүмкін. Жақындарыңыздың көмегінен бас тартпағаныңыз жөн.
Балықтар
Орын алған жайттардың бәрі жақсы болып көрінгенімен, күннің аяғына дейін көзқарасыңызды өзгертуіңіз мүмкін. Сіз мақтанып жүрген ісіңіз ойдағыдай болмауы да мүмкін. Сол себепті ойланып әрекет жасағаныңыз абзал. Таныстарыңыз берген ақылды бүгін тыңдамасаңыз да болады. Бүгін ішкі түйсігіңізге сеніңіз.
04 қараша 2018 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031