» » Бүгін жұлдыздар не дейді? (17 қазан)

Бүгін жұлдыздар не дейді? (17 қазан)

Тоқты
Сүйіктіңізге қайта ғашық боласыз. Арадағы қарым-қатынастарыңыз туралы жиі ойлайсыз. Осы уақытқа дейін ренжісіп жүрген болсаңыздар, қайта табысасыздар. Ал бойдақ жандар алғашқы махаббатын есіне алып, онымен қайта жолығу үшін түрлі әрекет жасайды. Біреудің ақшасын алмаңыз. Оны сақтап қоямын деп ұрлатып алуыңыз мүмкін.
Торпақ
Алыс ағайындарыңызға қонаққа барасыз немесе үйіңізге көп қонақ келеді. Қалай болса да, туған-туыстарыңызбен қарым-қатынасты ретке келтіргеніңіз жөн. Ал күннің екінші бөлігінде сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ол сіздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңызға разы еместігін айтуы мүмкін.
Егіздер
Күннің алғашқы бөлігінде ескі таныстарыңызбен жолығасыз. Ол алғашқы махаббатыңыз болуы мүмкін. Оған бола көңіліңізді түсірмеңіз. Кешке қарай тойлауға себеп табылады.
Шаян
Күннің алғашқы бөлігінде ақшаға байланысты қиындықтарыңызды ретке келтіресіз. Көшеде кетіп бара жатып ақша тауып алуыңыз мүмкін. Дәл қазір үй шаруасымен айналысатын уақыт. Ал күннің екінші бөлігінде сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ол сізге көп көңіл бөлмейтіндей көрінуі мүмкін.
Арыстан
Бүгін сырт келбетіңізге өзгеріс енгізесіз. Көпшіліктің көзайымына айналу үшін шашыңызды басқа түске бояуыңыз мүмкін. Айналаңыздағыларға өзіңіздің кім екеніңізді дәлелдеуге тырысасыз. Батыл болып, шешімді дұрыс қабылдайсыз.
Бикеш
Күннің алғашқы бөлігінде күш-қуатыңыз тасып, кез келген істі оңай реттейсіз. Дәл қазір достарыңыз бен жақындарыңыздың қылықтары оғаш болып көрінеді. Алайда төзімділіңіздің арқасында көп жетістікке жетесіз.
Таразы
Дәл қазір жеке өмірде жіберген қателіктермен жұмыс істегеніңіз жөн. Сүйіктіңіз алдыңызда иіліп, сізді кешіруге дайын. Екеуіңіздің татуласуларыңызға ортақ достарыңыз көмектеседі. Ақша жағынан қиындық туындауы мүмкін, сол себепті үнемдеңіз.
Сарышаян
Бүгін бір жақсы іс жасап, беделіңізді жоғарылатасыз. Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Күннің екінші бөлігінде болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Олармен кездескенде сөз таластырудан аулақ болыңыз
Мерген
Жұлдыздар алаңсыз жүріп, көңіл көтеретін той-думандарға баруға кеңес береді. Бүгін ерекше жанмен танысасыз. Бірақ, ол адамды өзіңізге жақын тартпаңыз, жай дос болыңыз. Көлік айдаған кезде абай болыңыз
Тауешкі
Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыздың жақсарғанын түсінесіз. Сүйіктіңізге бостандық беріп, барлық жауапкершіліктен босатыңыз. Ол сол кезде барлық жауапкершілікті мойнына алып, қиын сұрақтардың жауабын табады. Қатемен жұмыс жасайсыз. Барлығына бағаны әділтті түрде беруге тырысыңыз
Суқұйғыш
Біреумен ренжісуден, сөз таластырудан сақтаныңыз. Сізді кез келген адам алдап кетуі мүмкін. Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ» екенін ұмытпаңыз. Қандай жағдай болмасын, маңызды шаруаға бөтен адамды араластырмаңыз.Аз сөйлесеңіз, көп жұмыс істейтініңізді ұмытпаңыз.
Балықтар
Дәл қазір жеке өміріңіздегі қиын мәселелерді талқылап, олардың шешімін табатын уақыт. Сүйіктіңізбен сөйлесіп, түсінісетін уақыт та келген сияқты. Махаббат пен бір-біріңізді түсінудің арқасында жүрегіңізде тыныштық орнайды. Адам баласын биік мақсаттарға жетелейтін махаббат сезімі екенін ұмытпаңыз. Ақшаңызға абай болыңыз. Несие алмағаныңыз жөн.

Baq.kz
17 қазан 2018 ж. 1 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031