» » 10 қазан жұлдыз жорамал

10 қазан жұлдыз жорамал

Тоқты. Осы аптада әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіруге тырысыңыз. Жұмысқа барыңызды салған мен көңіліңіз толмайды. Қаржыңызды үнемдеңіз. Қаржыдан қысыласыз. Жақындарыңыз сіздің қолдауыңызға зәру. Көбірек бірге болуға тырысыңыз.
Торпақ. Осы аптада алға қойған жоспарларыңыздан бас тартпаңыз. Әр іске жауапкершілікпен қарағаныңыз абзал. Тың жобалар ұсынып, жаңа жұмысқа шақыру да мүмкін. Бірақ келіспес бұрын дұрыс-бұрысын анықтап алыңыз. Жалғыз басты торпақтарды қызықты кездесулер күтіп түр.
Егіздер. Осы аптада кәсібіңізде тың өзгерістер болуы мүмкін. Жаңа таныстарыңыздын арасында жұмысыңызға көмегі тиетін азаматардың да болуы ықтимал. Жүрек қалауын тындап, жалғыз басты адамдар өз жартыларын табуы мүмкін. Ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүремін деп жұмысыңыздан айырылып қалмаңыз.
Шаян. Шешімді тез қабылдап, өз ойларыңызды халыққа жеткізе біліңіз. Мақсатыңызға жетуге беделді адамдардың да көмегі тиіп қалуы мүмкін. Сіздің іс -әрекетіңізді басқа адамдар түсінбеуі мүмкін. Сабыр сақтап алға ұмтылыңыз. Сүрініп жарақаттануыңыз да мүмкін. Абай болыңыз.
Арыстан. Аптаның бірінші жартысында тың жобалармен жұмыс істейсіз. Ал, аптаның сонына қарай уақытыңызды босқа өткізіп алуыңыз да мүмкін. Арыстандар әрдайым басқалардын аяқсыз қалған жұмыстарымен жұмыс істеуден жалығып, қолын бір сілтейді. Қаржыңызды орнымен үнемдеп жұмсасаңыз біраз қиындықтардан құтыласыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Бикеш. Жұмысыңызды қорытындылайтын болсаңыз біраз қателік кетіріп, оны реттеуге тырысасыз. Оны реттеймін деп бәрінен де айырылуыңыз мүмкін. Жетістікке қол жеткізу қиын болмақ. Жаңа іс бастамас бұрын жақындарыңызбен ақылдасып алыңыз. Қаржы жағы қуантпайды. Қарыз алудан аулақ болыңыз.
Таразы.  Апта қызықты болмақ. Бастықтармен тіл табысып, қолдауға ие боласыз. Алға қойған мақсаттарыңыз да орындалмақ. Келісім шартқа отырып, жалақыңызды алуыңыз мүмкін. Өзіңізге жұмысқа керекті заттарды алуға қолайлы уақыт. Романтикалық кеште болу мүмкін, бірақ ол өзіңізге байланысты.
Саршаян.  Осы аптада жұмысыңызда қиын сұрақтардың жауабын шешуге тырысасыз. Қиын сәттерде қолдау көрсете алатын мықты ұжым құрыңыз. Сонымен қоса тың жобамен не болмаса өз ісіңізді одан әрі кеңейтуіңіз мүмкін. Жақындарыңыз өз шарттарың қойып сізді түсінбеуі де мүмкін. Еңсеңізді түсірмеуге тырысыңыз.
Мерген. Осы аптадан қалыптасып қалған салт -дәстүрді бұзыңыз. Тың ойлар туады. Оны жүзеге асыру үшін білім мен тәжірибе керек екенін ескеріңіз. Сіздің ішкі түйсігіңіз алдамайды соған сеніңіз. Сіз сеніп жүрген адамдардың ішінде сізді өз мақсатында пайдаланғысы келетіндер де бар, абай болыңыз.
Тауешкі. Әріптестеріңізбен және басшылықпен қарым -қатынастарыңыз жақсы болмайды. Жұмысыңызға зейін қойып қарағаныңыз дұрыс болады. Жобаларыңызды жүзеге асыруға біраз қаржы керек. Ол, үшін қарыз аламын деп басыңызды бәлеге ұрындыруыңыз мүмкін. Оған қоса сүйіктіңізбен тіл табысу қиынға соқпақ.
Суқұйғыш. Кәсібіңізде абай болыңыз, әсіресе аптаның басында. Жұмыс орның ауыстыруға асықпаңыз. Сабыр сақтасаңыз көп келеңсіздіктерден айналып өтуіңіз мүмкін. Ұзақ мерзімге жоспар құрған адамдардың айы онынан туып тұр. Жақсы көретін адамыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Балықтар. Әріптестеріңізбен көзқарастарыңыз келіспей, еңсеңіз түсуі мүмкін. Аптаның екінші жартысында тың жобалармен жұмыс істеп, қыруар қаржы жұмсайсыз. Сол себепті де ақшаңызды үнемдеңіз. Бәрінен бұрын денсаулығыңызды күтіңіз.


10 қазан 2018 ж. 1 915 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 02:39
Clomid Et Androcur Amoxicilline Angleterre cialis no prescription Viagra Contra Dolor Ampicillin To Buy Propecia Generica Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 189

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 306

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930