» » 7 қазанға жұлдыз жорамал

7 қазанға жұлдыз жорамал


ТОҚТЫ
Бұл – «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін», әр іске ерекше сабырлықпен қарайтын апта. Жұмысыңызда шыдамдылық танытып, тиянақты орындасаңыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізесіз.
ТОРПАҚ
Көптен бері шешімін таба алмай жүрген сұрақтар шешіліп, жұмысыңызда жоғарылау мүмкіндігі пайда болады. Жұлдыздардың болжамы бойынша, күтпеген жерден үлкен олжаға кенелесіз. Сондай-ақ, басыңыз бос болған жағдайда апта барысында өз жарыңызды табуыңыз әбден мүмкін.
ЕГІЗ
Күйзеліске ұшыратар сәттердің орын алатыны жасырын емес. Бірақ кез келген сынаққа төтеп беруге дайынсыз. Жұмыс – сіздің өміріңіздің негізгі бір бөлігі. Десе де жеке кәсіп пен күмәнді жобаларға көп жақындамаған жөн. Жоғарыдағы айтылғандарға қарамастан әрдайым сүйіктілері мен жақындарының назарында болады.
ШАЯН
Апта басында түйіні шешілместей көрінген мәселелер уақыт жылжыған сайын ойыңыздағыдай жүзеге аса бастайды. Жеке өміріңізде уайымға салынуыңыз мүмкін, махаббат мәселесінде әдептен аспағаныңыз дұрыс. Өзіңізді нашар сезініп, бойыңызда бұғып жатқан дерттің сыр беруі ықтимал. Алайда уақыт өте дертіңізден толықтай айығасыз.
АРЫСТАН
Бұл күні белсенділік танытып, жеке бастың жағдайына көңіл бөлген дұрыс. Сыртқы келбетіңіз бен киім киісіңізге, тіпті шаш үлгіңізге де өзгеріс енгізіп, күтіміңізді күшейтсеңіз артық емес. Денсаулық – зор байлық, аса мұқият болыңыз. Апта соңында жағымды жаңалықтың куәгері боласыз.
БИКЕШ
Көптен күткен марапаттау сәті де туды. Қызметіңіздегі жақсы жаңалықтар сізге қуаныш сыйламақ. Қолға алған істеріңіз оңынан болып, нәтижесі ойыңыздан шығады. Жеке өміріңіз үшін қам жемеуіңізге болады. Айтарлықтай қиындық немесе келеңсіз оқиғалар болмайды.
ТАРАЗЫ
Бұл белгіде туған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Бар ынтасымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, пікірталастың ортасынан табылуы мүмкін. Өз ойын үнемі тіке айтады. Апта барысында осы мінезіңіздің залалы тиіп жүрмесін.
САРЫШАЯН
Басыңызды тік ұстаңыз. «Тек алға» деген ұранмен жүріңіз, сонда сізде бәрі болады. Жұмыс барысында төзімді бола біліңіз. Сіз үшін осы апта ауыр болмақ. Келісімшартқа қол қоймағаныңыз жөн. Алға қойған мақсатыңызға жетуге талпыныңыз.
МЕРГЕН
Барлығын алдын-ала жоспарлауға тырыссаңыз да, бұл апта тосын сыйларға толы болады. Қызметіңізге де, отбасыңызға да қатысты. Сізде осы аптада қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ еш мойымаңыз.
ТАУЕШКІ
Өзіңізге әрдайым күтім жасап, денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Сондай-ақ тым қызбалыққа салынбай, кез келген жағдайда сабырлы, ұстамды болыңыз. Сезімге тым берілмей, ақ пен қараны ажырата біліңіз.
СУҚҰЙҒЫШ
Қызметтегі ерлік еленбей қалмайды. Апта барысында жаңа жобаларға қол жеткізіп, бар күш-жігеріңізді саласыз. Табысыңыз шығыныңыздан әлдеқайда көп болып, сонысымен де сізді қуантпақ. Десе де, тым жұмысбастылыққа салынып, жеке өміріңізді естен шығарып алмаңыз.
БАЛЫҚ
Қызметте үлкен өзгерістер күтеді. Тіпті, бұл жұлдыз белгісіндегі туғандардың кейбірі басқа салаға бет бұруы мүмкін. Алайда діттеген мақсатқа жету үшін өмірдегі барлық іс-әрекетте табандылық танытып, қосымша күш жұмсау керек. Отбасылық өміріңізде айтарлықтай өзгеріс жоқ.


Baq.kz
07 қазан 2018 ж. 2 105 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 15:05
Finasteride 2 Mg Propecia Clomid For Pct Buy Kamagra Tablets Online cialis 5mg Comprare Cialis Milano

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031