2018 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал
Тоқты
Осы айда мансап жолында жетістікке жету мүмкіндіктері бірден көбейеді. Бұл үшін сізге тек керекті тапқырлық пен ақылдылық танытқан дұрыс. Жұмыстағы күрделі сұрақтардың жауабы әрдайым көп уақыт пен ақшаны талап етпейтінін есіңізге сақтаңыз. Кей кезде жұмысқа деген көз қарасыңызды өзгертсеңіз бірталай жеңілдікке ие болуыңыз мүмкін. Отбасылық жағдайға келгенде ашық және белсенді болыңыз, өйткені кеңес сізге де, сіздің жақындарыңызға да керек болады.
Торпақ
Қараша айында көңіл күйіңіздің өзгеруі жиі болғаны сізге біршама ыңғайсыздық әкеледі. Мүмкін сіздің ішкі дүниеңіз сырттағы болып жатқан жайттармен күреске түсуі мүмкін. Жұмыс уақытында өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысқыңыз келіп, ал қолыңыз бос кезде шығармашылық пен тілтапқыштығыңыз жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан өз уақытыңызды алдын ала нақты жоспарлағаныңыз жөн. Отбасыңыз, достарыңыз, сүйіктіңіз сізбен бірге болғысы келсе қарсылық танытпаңыз.
Егіздер
Осы айда сіз маңайыңыздағы адамдардың сөзіне аса сезімталдық танытасыз. Тіпті орынды сынның өзі сіздің ашуыңызға тиюі мүмкін, сондықтан ұрыс-төбелестен аулақ болу үшін өзіңізді тыныштандырғаныңыз жөн. Алайда сіз кез келген мақтау сөзіне риза боласыз, бұл тұста да абай болғаныңыз дұрыс. Басқа жағынан осы айда бәрі тыныш әрі орынды болмақ. Қызмет жолында және жеке өміріңізде аса өзгерістер байқалмайды.
Шаян
Сізге қасыңыздағы жандармен қарым-қатынасыңызды түзетуге және жаңа таныстықтар орнатуға мүмкіндіктер туып тұр. Сіз тек жағымды энергия бересіз, сіздің ашықтығыңыз байқалмай қалмайды. Сондықтаң бұл кезеңді барынша пайдаланыңыз: бірге ойлайтын адамдарды іздеңіз, жаңа достар табыңыз, өзіңізге ұнайтын жанға бірінші болып сезіміңізді білдіріңіз. Бос уақытыңызда мәдение шараларына барып қайтуға кеңес береміз.
Арыстан
Арыстандар үшін қараша айы оңайға тимейді. Айдың басында туындайтын қиыншылықтың бірі – қоршаған адамдардың оған деген қарым қатынастарының жағымсыз болғаны. Кейбір кезде тіпті нашар болуы мүмкін. Бұл жағдай жұмыста да, демалыста да орын алуы ғажап емес. Сондықтан оларға жаман жауап қайтаруға асықпағаныңыз жөн. Ондай әрекеттерге мән бермей, отбасыңыз бен жақындарыңыздан қолдау күтіңіз.
Бикеш
Сіз үшін бұл ай өте қолайлы болады. Әсіресе жеке өміріңізге қатысты: осы ай бойы өзіңіздің екінші жартыңызбен бірге боласыз. Ал өз жартысын таппағандарға жан-жағына қарап, ашық болып, сүйіктісін табуға асығу керек. Сізді романтикалық жаңа таныстар күтіп тұр. Қызмет бабы бойынша біршама көтерілуіңіз мүмкін. Өз ойыңыз бен идеяларыңызды айтудан қорықпаңыз. Сіздің жұмыстағы қабілетіңіз басшылықтың көзіне түсуі әбден мүмкін.
Таразы
Жұлдыздар сізге осы айда үзіліс алып демалуға кеңес береді. Демалыс алуға мүмкіндік болмаса, жұмыстағы көптеген тапсырмаларды сыра тұрғаныңыз дұрыс. Ал кешкі уақыттарда демалып, уақытты тыныш өткізіңіз. Жұмыстағы керексіз белсенділік жағымсыз жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Қатт күйзеліске түсіп кетуіңіз де ғажап емес. Ал демалыс керісінше жағымды эмоциялар мен күш береді. Отбасы мүшелерімен барынша тығыз қарым қатынас орнатқаныңыз жөн. Мүмкін олардың біреуіне сіздің көмегіңіз қажет болады, сол сәтті жіберіп алмаңыз.
Сарышаян
Сарышаяндарға осы айда болашаққа деген жоспармен айналысуды ұсынады. Әртүрлі істеріңізді жоспарлап, білім мен қызметтік жолыңызды, қаржылай мәселеңізді шешкен өте дұрыс болады. Мүмкін сіздің туыстарыңыз шешіміңізді қабыл алмайды, бірақ оларға өз көз қарасыңызды дәлелдеуден бұрын уақыт бергеніңіз жөн. Достарыңызбен көп уақыт өткізуге тырысыңыз, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен көп айналысыңыз. Әсіресе демалыс күндері осы істермен айналысқаныңыз жақсы эмоциялар сыйлайды.
Мерген
Бұл жұлдыздарды осы айда көптеген өзгерістер күтіп тұр. Ол әртүрлі жағдайда байқалуы мүмкін: сыртқы келбетіңізден бастап жұмыс орныңызбен, тұрғылықты мекеніңізді ауыстыруыңыз мүмкін. Мергендер, ойланбастан шешім қабылдамаңыздар! Жұлдыздар сіздерге асығыс ойға берілмеуге кеңес береді. Бірақ уақыт өткеннен кейін өзіңіздің бұрынғы шешімдеріңіздің дұрыс болмағанын байқайсыз. Оның орнына басқа айналысатын хобби тауқаныңыз жөн! Жаңа әсерлер мен эмоциялар күрделі өзгеріске апарудан құтқарады.
Тауешкі
Осы айда сіздің жолыңыздың болуы қасыңыздағы басқа адамдарға байланысты. Ал жұмысқа қатысты сіздің адамдарды көндіру мен оларды ертіп жүру қабілетіңіз көмектеседі. Отбасында кішігірім ұрыстар болуы мүмкін, оларға түсіністікпен және төзімділікпен қараған дұрыс.
Суқұйғыш
Бұл ай қайталанбас сәттерге қанық болмақ. Жеке өмір мен мансаптағы көптеген оқиғалар мен эмоциялар сізді ай аяқталғанша шаршатып жіберулері мүмкін. Айналаңыздағы адамдармен түсініспеушілік тууы мүмкін. Жұлдыздар өз дегеніңізден қайтпай басқа адамның сөзіне еріп кетпеуге кеңес береді. Қолайлы жағдайда әбігерліктен сытылып шығуға және тыныш жерде өз-өзіңізбен қалуға тырысыңыз.
Балықтар
Осы айда сіз көңілшең және ашушаң боласыз. Осыған байланысты байқамай жақын адамдарыңыздың қатарынан біреуді ренжітіп қоюыңыз мүмкін. Осыны болдыртпау үшін сіз эмоцияңызға иелік етіп, өз тарапыңызға ауыр және дөрекі сөздерді айтқызбаңыз. Мансапқа келсек, жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін. Бірақ оларды жіберіп алмау үшін тапқырлық танытып, тез арада шешім шығарыңыз. Бос уақытыңызды тыныш әрі өзіңізге қолайлы ортада өткізіңіз. Әбігерлікке салынбай,, адамдар шоғырланған ортада көп жүрмеңіз.
Stan.kz