» » Қыркүйекке арналған қаржылық жұлдызнама

Қыркүйекке арналған қаржылық жұлдызнама

Қыркүйек айы жалпы алғанда қаржылық жағынан оңтайлы ай. Бұл айда қаржылық қор тұрақты, асығыстықты қаламайды. Бұл тұрақтылық пен сеніміділік айы деуге де болады.

Барлық жұлдызнама белгілеріне тән жалпы нұсқаулықтар

Қаржы саласындағы мамандардың пікірін тыңдай отырып, сіз жақсы ақша тауып қана қоймай, оларды ақылмен жинауды, жұмсауды білетін боласыз.

Қыркүйек – сығымдау мен сараңдықтың уақыты емес. Қаржыда өзіңізді «қатал» ұстаймын деп, сізге келетін қаржылық лептің бетін қайтарып, тоқтатып  алмаңыз. Сондықтан да сізге бұл айда өз туған туыстарыңызды, жақындарыңызды ғана емес, өзіңізді де сыйлықпен қуанту қажет.

Жұлдыздар қаржыны ұзақ уақытқа салуды, ұзақ әрі жиі пайдаланатын бұйымдарды сатып алуды ұсынады. Әсіресе бұл тамыз, қыркүйек, қазан айларында туылған адамдарға қатысты.

Ал енді әр жұлдызнама белгісіне нұсқаулықтар берейік.

Тоқты 21.03 - 20.04

Материалдық саладағы табысыңыз көп жағдайда сіздің төңірегіңіздегілерге туған-туыс, жақындар, отбасыға, соынмен қатар бизнес-серіктестерге, кредиттік ұйымдарға және басқаларына байланысты.
Еш қарызыңыз болмасын және дер уақытында өзіңіздің қаржылық міндеттемелеріңізді орындап отырыңыз.
Дегенмен, өзгелердің де көмегіне масылдануға болмайды. Сіздің шешімдеріңіз бен әрекеттеріңіз – сізді қаржылық табысқа апаратын басты жол.

Торпақ 21.04 - 20.05

Сіздің қаржылық жетістігіңіз көп жағдайда көңіл-күйіңізге байланысты болады. Тек шын ниетпен жасаған іс қана сізге шынайы қаржылық әл-ауқат пен табыс әкеледі.
Шырғалаң пен күнде ертеңнен бас тартыңыз, шабытпен жасаңыз, жұмыс істеңіз.

Егіздер 21.05 - 20.06

Сіз материалдық сатып алулар мен қаржылай инвестицияға кеңес беріледі.
Сіздің ісіңіздегі ең маңыздысы сенімді және өзекті ақпарат болмақ. Лауазымдық өсу, жалақының, кірістің арту мүмкіншілігі жоғары.

Шаян 21.06 - 22.07

Ақылдылық, үнемшілдік және ойластырылған – сіздің қаржылық тәуелсіздіктегі одақтастарыңыз.
Қажетсіз, тосын және көңіл-күйге байланысты ақша шашудан алшақ болыңыз.
Абай болыңыз – ұрлық, алдау, алаяқтық қаупі бар.

Арыстан 23.07 - 22.08

Қомақты және ұзақмерзімді салым үшін өте қолайлы уақыт.
Қыркүйек айында басталған істің барлығы да ұзақмерзімді әрі тұрақты қаржылық жетістікке бастайды.
Ақылды болыңыз – шамадан тыс жомарттыққа немесе патологиялық үнемге берілудің қажеті жоқ.

Бикеш 23.08 - 23.09

Бұл сіздің уақытыңыз.
Қаржылық табысқа ыждағаттылығыңызбен, тақуалығыңызбен, біліміңізбен жетесіз.
Қаржылық табыс бұл сіздің кәсіби қызметіңіздің, шеберлігіңіздің және ыждаһаттылығыңыздың нәтижесі.

Таразы 24.09 - 23.10

Шамасынша бір мәнді уақыт емес.
Белсенді әрі күрделі қызметіңіз сізге қаржы әкелмейтіні белгілі, ал кездейсоқ кездесу, кенеттен туындаған ойлар сізге пайда, табыс, ақша әкеледі.
Жұлдыздар сізге тынбай істеген жұмысыңыздан кейін сәл демалуға кеңес береді. Демалып, біраз ақшаңызды көңіл көтеру мен демалысқа жұмсаңыз, мұндай ақшаның көп ұзамай қайтарымы болады.

Сарышаян 24.10 - 21.11

Сіздің қаржылық  жетістігіңіз – ахуалдың дамуын алдын ала білуіңіз.
Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге барынша сенім артып, ішкі дауысыңызды тыңдаңыз.
Үлкен істерді бастау үшін өте қолайлы уақыт.  Ол тез арадада қаржы алып келмеуі мүмкін. Дегенмен, келешекте барынша перспективалы әрі табысты болады.

Мерген 22.11 - 21.12

Сіздің дәл қазіргі уақыттағы қаржылық жетістігіңіз  әйтеуір бір өте маңызды әрі басты мәселеге назар аудара білу мен қажеттілікке байланысты.

Тауешкі 22.12 - 19.01

Қаржылық істерде жетістіктің ауыспалы уақыты – өрлеу де, төменге құлдилау да болуы мүмкін.
Ішкі түйсігіңізге сенім артыңыз – және барлық қиындықтар өтеді, ал барлық әлеуетті мүмкіншіліктер жүзеге асады.

Суқұйғыш 22.01 - 18.02

Барынша қаржылық еркіндік алу үшін сізге бірдеңеден бас тартуға тура келеді. Ескіден, қажетсізден, пайдаға жарап болғаннан әрине.
Барлық қарыздарыңыз бен қаржылық міндеттемелеріңізді жабыңыз. Қарыз жүктемесімен сізге алға қарай жылжу қиындау болады.  Көп жағдайда сізге достарыңыз қол ұшын созады.

Балықтар 19.02 - 20.03

Сіз үшін қаржылық жетістік тек қана топтық істе, жобаларда, бірлескен бизнесте болуы мүмкін.
Жеке тұлға ретінде сіз тартымды емессіз, көзге көп іліне бермейсіз. Ал достарыңызбен бірге сіз күшке айналасыз.
Мүлік пен ақша мәселелеріне қатысты даулардан қауіптеніңіз. Даулы мәселелерді шешуден бойыңызды аулақ ұстаңыз не болмаса кейінге қалдыруға тырысыңыз. Тым таяу арада ол өздігінен-ақ сіздің пайдаңызға шешіледі. 

Дереккөз: teletype.in
07 қыркүйек 2018 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930