» » Сыйлы болғың келсе, сыйлата біл

Сыйлы болғың келсе, сыйлата біл

Өз-өзіңізге деген сенімділік – қоршаған ортаңызда қадір-қасиетіңізді арттырып, мансап жолында үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын қасиет. Бірақ, өзіңізге деген сенімділікті тәкаппарлықпен шатастырып алмаңыз. Абай атамыз айтқандай, тек ақылыңыз бен қайратыңыз екі жақтап алып шығады. Оны дұрыс тәрбиелеудің бірнеше жолдары бар: 1. Талғаммен киініңіз. Талғамыңыз нашар болса, сәнді киімдер жарнамалайтын журналдарды оқыңыз немесе стилист мамандардың көмегіне жүгініңіз. Егер сырт көрінісіңіз көркем болса, адамдар сізге қарай тартыла түседі. Ал достарыңыз көп болған сайын сіздің танымалдылығыңыз да артады. Ал танымалдылық жанға рахат сыйлайтынын мойындауымыз керек. 2. Бойыңызды тік ұстап, қадамдарыңызды сенімді басыңыз. Басыңызды төмен түсіріп, аяқтарыңызды сүйретіп жүретін болсаңыз сізге ешкім де назар аудармайды. Бұл сізге мән-мағына сыйлайды. Бойыңызда батылдылық пайда болып, қоршаған ортаңызда беделіңізді арттырады. 3. Өзіңізге нұсқаулықтар жазып, бөлмеңізге іліп қойыңыз. Олардың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: «Мен барлық қиындыққа төтеп бере аламын», «Көп ұзамай жалақым жоғарылайды», «Сүйіктіммен қарым-қатынасым жақсара түседі». Өз-өзіңізді иландыру – керемет күш. Осы секілді өзіңізге өзіңізді жарнамалап көріңіз. Қызықты тұлға екеніңізді қоса отырып, жақсы жақтарыңызды баяндайтын мәтін жазыңыз. Мұндай тәсілдер арқылы сенімділігіңізді арттырасыз. 4. Айналаңыздағыларға қошемет айтуды ұмытпаңыз. Адамдарға деген жаман ниетіңіз ғана болса, олардан жақсылық күтпесеңіз де болады. Өзгелерге мақтау айту арқылы да сенімділігіңізді арттыруға болады. Бастысы мұны шын көңілмен жасаңыз. 5. Өз ойыңызды білдіруден қорықпаңыз. Үлкен компаниялар мен ұжым арасында жұмыс жасайтын адамдар айтқандары күлкілі әрі ойға сыймайтындай болып көрініп қалар деп өз ойын білдіруден қорқады. Алайда, ойыңызды айту арқылы жеке пікірі бар тұлға екеніңізді танытасыз. 6. Спортпен айналысыңыз. Мінсіз сымбатқа ие болсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Жүгіру мен жүзу секілді спорт түрлері мінсіз сымбатыңызды қалыпқа келтіріп қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ал көңілді жүретін адамның өзіне сенімсіз болуы мүмкін емес. Дайындаған: 

06 маусым 2018 ж. 1 390 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 20:41
Prednisolone New Keflex Oral Antibiotic generic 5mg cialis best price Usa Viagra Online Pharmacy buy cheap accutane online no prescription

StevMype от 8 мамыр 2019 16:18
Buy Amoxicillin In Australia Priligy Mercadolibre Venezuela http://kamagpills.com Keflex And Breast Milk

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031