» » Темекіні тастаудың жолдары

Темекіні тастаудың жолдары

Егер темекені тастағыңыз келсе, оның оп-оңай екенін естен шығармаңыз. Бастау жеңіл болса, тастау да қиынға соқпайды. Ең бастысы шешім қабылдауыңыз керек. 
1. Темекіден бас тартқан күніңізді күнтізбеге белгілеп қойып, 2 апта сайын белгі салып тұрыңыз. Сөйтіп-сөйтіп темекіні ұмытып кетуге болады. 

2. Өзіңізді соған сендіріңіз. Өйткені темекі ақшаңызды, уақытыңызды ал ең маңыздысы денсаулығыңызды құртады. 

3. Жаңа өмір бастауға дайын болыңыз және өз-өзіңізді алдамаңыз. 

4. Темекіні тастағаныңыз туралы достарыңызға, барлық жақын адамдарыңызға айтып, көмек сұраңыз. Себебі бастапқы кездері әрдайым темекіні ойлап жүруіңіз мүмкін. Сондықтан басқа заттармен алаңдауыңыз керек. 

5. Күн сайын темекі санын азайтып тұрыңыз. Соңғы қорабын шегіп, мәңгілікке қош айтысыңыз. 

6. Көбірек су ішіп, дұрыс тамақтаныңыз. Мұның бәрі сіздің ағзаңызға темекіден құтылуға көмек береді. 

7. Өзіңізді өзге де қызық заттармен алдаңыз. Темекіні мүлдем ойға алмаңыз. 

8. Ашуланған кезде темекі шегіп үйреніп қалдыңыз ба? Оның орнына алма немесе кәмпит жеуге болады. Әйтеуір темекіге қайтып жоламаңыз. 

9. Содан кейін өзіңіздің жетістігіңіз жайлы шағын ой-толғау жазып, әлеуметтік желілерде жариялаңыз. Басқа да адамдардың қолдауын көре аласыз. 

10. Егер бірнеше күн темекі шекпесеңіз, өзіңізге сыйлық жасаңыз. Өйткені сіз соған лайықсыз. 

11. Физикалық жаттығулармен шұғылданыңыз. Темекісіз өмірдің дәмін татыңыз. 

12. Егер темекі тартқыңыз келіп, шыдамай бара жатсаңыз терең тыныс алып, көзіңізді жұмып, құлағыңыз бен басыңызды ұстаңыз. Содан кейін көзіңізді ашып, айналаңызға басқаша көзқараспен қараңыз. 

13. Темекі ұсынса, бас тартыңыз. Бастапқыда ол өте қиын болары анық, бірақ үйреніп кетесіз. 

14. Таза ауамен серуендеңіз. Темекіден бас тарту сіздің өміріңізге де көп өзгеріс енгізеді. Бұрын қол жетпестей көрінетін белестеріңізге бір табан жақындайсыз. 

15. Тек қайтадан темекі тартып кетпеңіз. Бұл ойыңыз жүзеге асатынына сенімді болыңыз. Өзіңізді темекі тартпайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, табысты әрі олжалы адам ретінде көргіңіз келсе, бәрін бүгіннен бастаңыз. Бұл тәжірибелер сізге және сіздің өміріңізге көмектеседі.
04 маусым 2018 ж. 1 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031