» » Тест: Сіз үшін не маңызды?

Тест: Сіз үшін не маңызды?

Тест: Сіз үшін не маңызды?
Логиканы уақытша «өшіре» тұрыңыз. Біз бүгін сіздің бейсанаңызбен жұмыс жасаймыз. Сұрақтарға жауап беру барысында ойланбаңыз, кідірмеңіз. Бірден ойға келгенін жазып отырыңыз. Тестінің нәтижесі нақты болсын десеңіз, өзіңізді алдамаңыз.
Ал, бастайық:
1. Орманда біреумен келе жатқаныңызды елестетіңіз, ол кім болуы мүмкін?
2. Орманда келе жатып, жаныңызда бір жануар жүргенін байқадыңыз. Ол қандай жануар?
3. Көздеріңіз түйісті, енді не болады?
4. Әлі орманда келе жатырсыз. Арманыңыздағы үй тұрған бір жерге келдіңіз. Үйдің көлемі қандай?
5. Арманыңыздағы үйдің сыртында қоршау бар ма?
6. Үйге кірдіңіз. Ас үйге бара жатырсыз. Үстелдің үстінде және жан-жағында не бар?
7. Үйден артқы есік арқылы шықтыңыз. Шөптің үстіне кесе жатыр. Ол неден жасалған?
8. Оны көріп, не істер едіңіз?
Бұл сұрақтар сіздің құндылықтарыңызды анықтауға арналған. Оның талдауы төмендегідей:
1. Жаныңыздағы келе жатқан адам – өміріңіздегі ең маңызды адамның бірі.
2. Жануардың көлемі – бейсанаңыздағы проблемалардың көлемі. Неғұрлым үлкен болса, соғұрлым өзіңізді ауыр сезінесіз.
3. Күтпеген кездесуге деген «реакцияңыз» - мәселені шешудің жолы, яғни агрессивті, пассивті не қашу.
4. Үйдің көлемі – менмендіктің көлеміне тең. Егер үй тым үлкен болса, демек өмірге деген «талаптарыңыз» да зор.
5. Егер үйіңіздің қоршауы болмаса, сіз еркіндікті сүйетін адамсыз. Егер бар болса, жалғыздықты ұнатасыз. Жеке аумақ мәселесіне келгенде қаталсыз. Сонымен қатар өзгелердің де жеке аумағына рұқсатсыз кірмейсіз.
6. Егер бұл бөлмеде гүл, тамақ, адамдарды көрмесеңіз, демек сіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз.
7. Кесенің материалының мықтылығы сіздің өз отбасыңыздағы қарым-қатынасты қабылдау мәнерін түсіндіреді. Пластик, қағаз не шыныдан жасалған кесе көрсеңіз, отбасыңыздың болашағына алаңдайсыз. Егер кесе фарфор, темір не металдан жасалған болса, отбасы мәселесін уайымдамауыңызға болады.
8. Бұл әрекетіңіз 1 нөмердегі сұрақтағы адамға деген қарым-қатынасыңызды бейнелейді.
Ескерту: Бұл тестіні араға бірнеше күн салып, қайта байқап көрсеңіз болады. Себебі бұл тест сіздің мінез-құлқыңызды емес, психоэмоционалды күйіңізді ғана түсіндіреді.
30 сәуір 2018 ж. 1 160 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 13:04
Prix Du Cialis 20 Mg Kamagra Generic Svizzero viagra Inderal Online Uk Pharmacy Propecia Fa Crescere Dei Capelli Occasion Levitra Pharmacie

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031