» » Қанша бетперде киіп жүрсіз? Тест нәтижесі

Қанша бетперде киіп жүрсіз? Тест нәтижесі

0-6 ұпай Бетпердеңіз жоқ. Бетперде киюді ойламайсыз да. «Барым да, нарым да – осы» дейтін адамсыз. Ешкімнің көңіліне қарамай шындықты айтып саласыз. Көңіл хошыңыз болмаса, ұнамаған ортадан ешкімге есеп бермей-ақ кетіп қала аласыз. Досыңыз тұнжырап отырса, мұңын айтса, егер оған өзі кінәлі болса, біреудің кінәсі үшін көңіл күйіңізді өзгертпейсіз.
8-12 ұпай  Сізде екі бетперде бар. Оның біреуі – көңіл күйіңіз нөл боп тұрса да ортаның ыңғайына қарай киетін күліп тұрған бетперде, екіншісі – көздеріне мұң ұялаған бетперде. Әр ортаның қалауы бойынша, сол ортаға лайықты бұл екі бетпердені үнемі өзіңізбен бірге алып жүруге кейде өзіңізді мәжбүрлейсіз. «Амал жоқ» дейсіз іштей күбірлеп. Өйткені, жақын адамдарыңызды ренжітіп алудан қорқасыз. Мүмкін бұл дұрыс та шығар, әйткенмен, екі бетпердеңізді шатастырып киюден абай болыңыз.
14-20 ұпай Бетперде сізде өте көп, түрлі-түрлі. Кім қандай болғаныңызды қалайды, соның қалауындағы бетперде сізден табылады. Үнемі бетперде киіп жүруге әдеттенгеніңіз соншалықты, оның артында қандай адам жасырынып отырғанын өзге түгілі, кейде өзіңіз де білмей қаласыз. Бір күнде бірнеше бетпердені алмастырып кию – үлкен шеберлікті қажет етеді. Шеберлігіңізге жұрт ғана емес, өзіңіз де тәнті боларсыз, бірақ бұның зардабы да бар екенін есте ұстаңыз. Тым болмаса ұйықтар кезде бетпердеңізді шешіп жатуды ұмытпаңызшы. Айналаңыздағы адамдарды алдағаныңызбен, өзіңізді алдамасаңыз болғаны.
Психологиялық тест осылай дейді. Иә, шынайы болғанға не жетсін дегім-ақ келеді. Бірақ, кейде, кей жағдайда жасанды мінез бетпердесі де қажет сияқты. Ал, сіз не дейсіз, оқырман?

Сұрақтары

qasym.kz
24 қазан 2018 ж. 1 782 1

JeaCold от 15 наурыз 2019 10:44
Levitra 10 Mgptt Bayer Generic Name Propecia order accutane online australia cialis without prescription Cialis One Day Prezzo Best Buy Stendra Direct With Free Shipping Cephalexin And Urinary Infection

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930