» » 12 қазан жұлдыз жорамал

12 қазан жұлдыз жорамал

Балықтар. Балық белігісінде туғандар бүгін керемет кеш күтіп тұр. Соның арқасында көптен көрмеген ескі танысыңызды кезіктіріп, айтылмаған əңгімелерді айтып,бір жеңілденіп қаласыз.
Суқұйғыш. Достарыңызға ұсыныстарды айтуға қысылмаңыз. Тек достарыңызға күйе жағып алудан аулақ болыңыз. Сүйіктіңіздің алдында өзіңізді жақсы жағынан көрсетіңіз, əр сөзіңізді байыппен, ойланып айтыңыз.
Тауешкі. Өзіңізге қолайлы жағдай туғызу үшін, өзіңіздің армандарыңызға қол жеткізу үшін аянбай еңбектенуіңіз керек. Әсіресе қаржы мәселесіне келгенде, ұқыптылықпен қарағаныңыз жөн. Өзіңіздің маңдай теріңізбен тапқан қаржыңызды өзіңіз басқаруға тырысыңыз.
Мерген. Қым-қуыт тірлікте жан жарыңыздың көңіліне қарауды ұмыт қалдырып жүргеніңізді ескеріңіз. Араларыңыз суып кетпеуіне де көңіл бөліңіз. Оның айтқанын орындауға уақыт табыңыз. Сонда ғана тату-тәтті бақытты ғұмыр кешесіз.
Саршаян. Өзіңіздің денсаулығыңызға, тамақтануыңызға көптеп көңіл бөліңіз. Жұртқа сене бермей, жаңа тағыстықтан қашпаңыз, мүмкін ол адам болашағыңыз болар. Достарыңызбен ойнап сөйлесуден сақ болыңыз, əзіліңіз ұнамай қалуы мүмкін.
Таразы. Таразы белгісіндегілер үшін бүгінгі күн үлкен жаңалықтарға толы болмақ. Сізге жақындарыңыздан естіген жылы сөздер қуат беріп келеді. Үнемі осындай жылылықты сезініп жүру үшін оларға қамқорлық танытудан шаршамаңыз.
Бикеш. Достарыңыздың сізді қолқалап ортаға қосқысы келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ үнемі бас тартып жүре бермей, арасында бас қосуға баруға тырысыңыз.
Арыстан. Сізді қолбала қылып жұмсағысы келетіндер де табылады,өзіңізді əлсіз қылып көрсетпеңіз! Кейбіреулердің сондай пасық қылығына күйінбеңіз. Өзінен өзі бәрі қалыпқа келеді, тек аздаған сабыр сақтап күтсеңіз болды.
Шаян. Еңбегіңізді бəрі бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз барлығын. Бірақ арасында денсаулығыңызға да көңіл бөлуге тырысыңыз.
Егіздер. Достарыңыз тарапынан қолдау көріп, беделіңіз өсуі мүмкін. Ол үшін тек еңбектенуіңіз керек. Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек ғана еңбек ғана жеңетінін біліңіз.
Торпақ. Күннің басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады. Немесе кино театрға барып, уақытыңызды басқа да қызықты етіп өткізуіңізге болады.
Тоқты. “Бір қиындықтан артынан екі жақсылық күт ” демекші кез-келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алдағы уақытта алға басуы мүмкін. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал.

12 қазан 2018 ж. 2 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031