» » 11 қазан жұлдыз жорамал

11 қазан жұлдыз жорамал

Тоқты.Бүгін жұлдыздар сізге серуендеп,таза ауада жүруге кеңес береді. Өзіңіздің қара ойларыңызға ерік бермеңіз. Кімге ашулансаңыз да, артық сөйлемеуге, артық іс-əрекет жасамауға тырысыңыз. Сіздің туыстарыңыздың біреуі сіз ойлағандай əрекет жасамай, көңіліңізге қаяу түсіруі мүмкін. Бірақ сабырлы болыңыз. Үндемей жүріп те көп нəрсеге жетуге болады.
Торпақ. Бүгін қандай қиындық болса да, бейбіт жолмен шешіңіз. Бастысы, біреудің арандату мақсатында айтқан сөзіне сеніп қалмай, қандай мәселеде де ақылмен шешкеніңіз дұрыс. Жаныңыздан табылатын жандарға ниетіңіз адал болсын.
Егіздер. Бүгін досыңыздың берген уәдесіне сене берудің қажеті жоқ. Тығырықтан шығар жолды өзіңіз табуға тырысыңыз. Жауапкершіліктен қашпай, кез келген мәселеге бел шеше кіріскеніңіз абзал.
Шаян. Бүгін сізге қаржылық жағдайыңызды жақсартып, пайдалы іске жұмсауыңыз керек. Достарыңызбен жақсы қарым-қатынастың жеке өміріңізде де рөлі ойнайды. Жұмысы барлар,жұмысыңызды ауыстыруыңыз мүмкін. Кешке үйде тыныш жерде демалыңыз.
Арыстан. Бүгін күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Өздігіңізден шешуге тырыспай, сенімді адамдардың ақылына құлақ түріңіз. Сізді қуантарлық жағдай: сіз ұнатқан жанның өзіңізге деген сезімін байқайсыз. Бастысы, біреу сатқындық жасаудан сақ болыңыз.
Бикеш. Кейбір бикеш белгісіндегілерге айтарымыз, егер әлі отбасын құрмаған болсаңыз, осы күннен бастап кірісіңіз. Осы сәттегі кездесулер үйлену тойына дейін апаруы мүмкін. Махаббат мәселесіне келгенде ақылдан бұрын жүрегіңіздің қалауына құлақ салыңыз. Кейде ақылға жүрек бағынбай жатады.
Таразы. Бүгінгі күнді сауапты іс жасаудан бастасаңыз, сіз үшін сәттілікпен басталғалы тұр. Отбасыңыз бен айналаңыздағы жандарға көбірек көңіл бөліп, сүйгеніңіздің көңілін аулаңыз. Кешке сізді сəтті кездесу күтіп тұр.
Сарышаян. Өзіңізге психологиялық қысым түсіре бермегеніңіз абзал. Мойныңыздағы қыруар қарыздан құтылуды уайымдап, бойыңызды күйзеліс меңдеп кеткені анық. Өзіңізге мұнша психологиялық қысым түсірмей, тиісті жерлерге барып, жағдайыңызды түсіндіргеніңіз абзал. Жақын достарыңыз бен туыстарыңыздан көмек күтіңіз. Тұрмыстағы мәселенің бәрі реттеледі.
Мерген. Бүгін тәуекел етіп, биік қадамдарға талпыныс жасаңыз, бұл сізді сөзсіз жетістіктерге жеткізеді деп сеніңіз. Армандарыңыз орындалар күн де алыс емес. Бастысы, қаржылық жағдайыңыз жақсаруы мүмкін. Көңіл-күйіңіз де бірқалыпты болады.
Тауешкі. Сіз өте бірбеткей, қайсар жансыз. Бойыңыздағы осы қасиет сізді осы уақытқа дейін биіктерден көрінуге септігін тигізіп келе жатыр деп топшылауға болады. Бір кемшілігіңіз, бойыңызға нәзіктік пен жұмсақтық жетіспейді. Осындай белгілерді қалыптастыруға талпыныңыз. Жақын арада достарыңыздың ішінен өзіңізге ерекше көңілі бар жанды байқайсыз. Рухани дүниеңіздің толысуына көптеп көңіл бөліңіз
Суқұйғыш. Бүгін жақсы ниетпен жаңа жоспарларыңызды жүзеге асыруды бастаңыз.Сіз үшін ерекше күн болуы мүмкін. Бастысы, үміттерге демеу беретін жақсы істердің қасынан табылыңыз. Күн бүгін сізге сəтті болмақ.
Балықтар.Бүгін сыртыңыздан айтылатын алып-қашпа әңгімелерге назар аудармаңыз деп кеңес береміз. Көп уақытыңызды танымыңызды, біліміңізді кеңейтуге жұмсасаңыз, сіз үшін пайдалы іс осы болмақ. Ең бастысы, мақсатыңызға қол жеткізудегі ойыңыздан танбаңыз. Сүйіктіңізді ренжітіп, араларыңызға сызат түсіруден сақ болыңыз.
11 қазан 2018 ж. 2 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031