» » Басқалардың ойына өте тәуелді екеніңіздің 10 белгісі

Басқалардың ойына өте тәуелді екеніңіздің 10 белгісі

Өзіңізді бағалауды, ішкі сенімділікпен және өз өміріңізге деген жауапкершілікті қолға алу керектігін білдіретін қауіпті белгілер.  1. Сіз өзгенің қажеттілігі үшін өзіңіздікінен бас тартасыз Егер сіздің үнемі көмектесетін, ешқашан жолда қалдырмайтын және ортаның көркі бола алатын беделіңіз бар болса, осының бәріне қалай келгеніңізді бір сәт ойланып көріңіз. Бәлкім, сол кезде айналаңыздағылардың бәрі мойныңызға мініп алып, аяқтарын салбыратып отырғанын байқарсыз. Өйткені сіз өз жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыздан бас тарсаңыз да, басқаларды құтқаруға дайынсыз.. Көмектесу – дұрыс. Бірақ өзіңіз туралы басқалар жақсы ойласын деп, өз-өзіңізге үнемі зиян келтірудің қажеті жоқ. «Жоқ» деп айтуды үйреніңіз.  2. Сіз үнемі мақтау күтесіз Өзіңізді біреу мақтамаса, еңбегіңіздің нәтижесіне көңіліңіз толмайды. Бұл жұмысқа да, басқа да бірсарынды дүниелерге қатысты. Мысалы, сіз айнадағы бейнеңізге көңіліңіз толып тұрса да, Instagram желісінде аз ұнату белгісін жинағаны үшін үйіңізге келіп, киіміңізді ауыстырып киесіз.  Өзіңізді бөтен адамдардың мақтауына емес, объективті көрсеткіштерге қарап бағалаңыз. 3. Басқалар сізді қалай көргісі келеді, солай болуға тырысасыз «Қашқан қалыңдық» фильмінің бір көрінісінде кейіпкер әрбір күйеу жігітке ол ұнатқан жұмыртқадан жасалған тағамды жақсы көремін деп айтқан екен. Ақыры соңында қыздың өзі өзінің нені ұнататынын түсінбей қалады. Ал басқалардың пікіріне қатты тәуелді адамның жағдайы бұдан да қиын. Егер сіз үнемі басқалардың ойынан шығуға тырысып жүрсеңіз, онда ішкі сенімділігіңізді іздеп, өзіңіздің кім екеніңізді анықтайтын уақыт келді. 4. Сіз үнемі өз өміріңізге деген жауапкершілікті басқа адамдарға артып қоясыз: Бір жағынан бәрінің қисыны бар: айналадағы адамдардың сіздің өміріңізге қатты әсер ететіні сонша, сіздің табыстарыңыз бен сәтсіздіктеріңіз солардың сөздері мен әрекеттеріне тәуелді. Бірақ мұндай жағдайды жақсы деп айтуға болмас. Ақыл тоқтатқан адам өз өмірінің жауапкершілігін өз мойнына алып, әрбір әрекетін мүмкін болатын қатерлер мен салдарларды есепке ала отырып бағалайды. 5. Сіз басқа адамның пікірін сындарлы болмаса да, жүрегіңізге жақын аласыз: Сіз елдің бәріне ұнайтын жүз долларлық ақша емессіз. Бірақ кез-келген сынның өзі сізді жолдан шығарып жібере алады. «Барлық гумантитарлық сала мамандары ақымақтар» деген бір пікірдің өзі сіздің сүйікті ісіңізді тастап, инженерлік салаға ауысып кетуіңізге жеткілікті. Кезекте тұрған кезде біреу «ана мұрны үлкен кісіден кейінмін» деп айтса, сіз бірден пластикалық отаға ақша жинай бастайсыз. Сіздің айналаңызда тек ақылды адамдар ғана бар емес. Сондықтан, кейбіреулердің айтқан көздеріне мән бермей-ақ қойсаңыз да болады. 6. Сіз жалғыздықтан қорқасыз: Басқа адамдардың пікіріне деген тәуелділіктің салдарынан сіздің ішкі бағдарыңызда қиын жағдай қалыптасады. Сондықтан, сыртқы модераторсыз қалу сізге үрей тудырады. Өз ойыңызды өзіңіз үшін артықшылық жасаңыз, сол кезде үрейіңіз де басылады.  7. Сіз бірнәрсені өздігіңізден істеуге қорқасыз: Сіз жұмыстағы маңызды жобадан бас тартасыз, сүйікті ісіңізге немесе бизнеске деген идеяларды кейінге қалдырасыз және соңғы рет жаңа, қызықты ойларды қашан ойлағаныңыз есіңізде де жоқ. Сіз әлсіз жеріңізді елге жария қылуы мүмкін деген сәтсіздік қорқынышымен жүресіз. Қателесу – қалыпты жағдай. Бірақ табысқа жету үшін кейде тәуекел етуге де болады. 8. Сіз басқалардың күткен нәрсесіне өзіңізді жауапты сезінесіз: Басқаға тәуелді адам басқа адамдардың күткен нәрсесін өзінікіндей қабылдап, ойының ақталмай қалуынан қатты қорқады. Ата –анаңыз қалағандықтан, заңгер боласыз. Достарыңыз уақытың келді дегендіктен, үйлене саласыз. Тіпті, кафеде әріптесіңіз берген тағамға тапсырыс бересіз. Басқа адамның күткен нәрсесі – сіздің мәселеңіз емес. 9. Сіз басқа адамдардың кеңесінсіз шешім қабылдай алмайсыз: Егер сіз жұмысыңызды немесе тұрғылықты жеріңізді ауыстыратын болсаңыз, міндетті түрде жақындарыңыздың не ойлайтынын сұрайсыз. Олардың ойы жағдайды таразылауға көмектеседі. Бірақ егер күнделікті істердің өзінде басқа адамдардың кеңесін қажет етіп тұрсаңыз, бұл тәуелділіктің белгісі. 10. Сіз сыртыңыздан естіген сыбырдың бәрін өзіңізге қабылдайсыз: Айналаңыздағы адамдар әңгіме айтып, күліп тұрса, сізге өзіңізді әңгімелеп жатқандай көрінеді. Әрине, адам болған соң сөз қылады, мінеп-сынайды. Бірақ көңіліңізге келсе де айтайық, көп адамның сізде шаруасы да жоқ.  

09 мамыр 2018 ж. 1 459 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 20:09
Osu Acheter Cialis France viagra Le Viagra Marche Prices Propecia

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031