» » Қанша бетперде киіп жүрсіз? (тест)

Қанша бетперде киіп жүрсіз? (тест)

Шынайы болғанға не жетсін дегім-ақ келеді. Бірақ, кейде, кей жағдайда жасанды мінез де қажет сияқты. Ал, сіз не дейсіз, оқырман? Сізде жасанды қылық бар ма? Айналаңыздағы адамдардан «Көрсетші бір, көрсетші, қылығыңды шынайы, мінезіңе жасанды… шыдай берем қашанғы?» дегенді естіп жүрген жоқсыз ба?


«Сізде ше, неше бетперде бар? Асықпаңыз, «Жасандылық маған жат» деп айтпас бұрын, өзіңізді тексеріп көріңіз. Ол үшін, төмендегі сұрақтарға шынайы түрде жауап беріңіз. Әр «ия» деген жауаптың тұсына 2 ұпай жазыңыз, ал «жоқ» деген жауапқа ұпай жазылмайды.
Сонымен, дайынсыз ба?
1. Мен әйелімді (күйеуімді) немесе сүйіктімді достарыммен, ал достарымды сүйіктіммен таныстырмауға тырысамын. Таныстарыма да ол туралы көп мәлімет бермеймін. Солай ма?
2. Шақырылған барлық отырысқа бара бермеймін. Таңдап қана және мүмкіндігім болса ғана барамын.
3. Қызыл түс – менің сүйікті түсім.
4. Қызметте жетістікке жетудің кілті – бастықтың көңіл күйіне қарай әрекет ету, ең бірінші сол кісінің көңілінен шығу, тілін табу деп білем.
5. Теміржол вокзалында немесе метрода, шулы ортада қасымдағы адамға ақыл-кеңес айтсам, мінін көрсем басқаларға да естіртіп, дауысымды қатты шығарамын.
6. Досыммен (құрбыммен) телефонда әңгімелескенде көпшілік ортасынан сытылып шығып, оңашада сөйлесемін.
7. Отбасында, жұмыста ынтымақ-бірлікті сақтап қалу үшін табан астында өтірік ойлап табу мен үшін қиындық тудырмайды. Мұндай жағдайда өтірік айта аламын.
8. Достарым көбінесе мені «нағыз әртіс» дейді. «Мамандықты дұрыс таңдамағансың, сен әртіс болуың керек» дейді әзіл-шыны аралас.
9. Егер шын қаласам, кез келген адамның көңілін баурап, жүрегін жаулап ала алатыныма 100 пайыз сенімдімін.
10. Мені жақтырмаған адамға ұнауға тырыспаймын.
11. «Мұндай мінезіңді бұрын қалай байқамағанмын?», «Сенің үйде басқа, сыртта мүлдем басқа адам екеніңді достарың білмейді-ау?!», «Кеше басқаша сайрап едің, енді неге сөзіңнен тайқып отырсың?» дегенді аракідік естіп тұрамын.
Нәтижесі




24 қазан 2018 ж. 1 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031