» » Жасанды жүректің құны – 1 миллион евро

Жасанды жүректің құны – 1 миллион евро

Фотография - Жасанды жүректің құны – 1 миллион евро

Астадана жасанды жүректің қанша тұратыны айтылды. Бұл ақпаратты баспасөз мәслихаты барысында "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова жариялады, деп хабарлайды Today.kz.
Спикер француз компаниясының CARMAT SA аппараты туралы айтты. Оның сөзінше, CARMAT жүрегі шын жүректен өзгешеленбейді. 
"Біз бұндай операцияларды жасадық және науқастарымызды бақылауда ұстаймыз. Олар физикалық күш түсіргенде, аппараттың қысқару жиілігі көбейеді, адам уайымдаған кезде бұл жүрек тірі ағза сияқты реакция береді. 
Адам қуанғанда немесе қайғырғанда аппарат жиі-жиі соғып кетеді
Жасанды жүрек адам өмірін ұзартып қана қоймай, табиғи қасиеттерін де жақсартады", – деді Бекбосынова. 
 "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пяның сөзінше, халықаралық нарықта бұндай агрегаттардың бір-біреуі бір миллион евро тұрады. Бірақ Қазақстан 2017 жылдың күзінен бастап CARMAT SA орталығымен серіктесе жұмыс істейтін болғандықтан, біздің елге ол тегін келеді. 
Дәрігерлер бес рет жүрек ауыстыру отасын жасаған, үш адамға жасанды жүрек салынған. Осы жылдың аяғына дейін 2-3 адамның жүрегін ауыстыру жоспарда бар. 
Баспасөз мәслихатында хабарланғандай, адам жасанды жүрегімен донор табылғанша өмір сүре алады. 
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында 60 жастағы Құнанбай Абыраевқа жасанды жүрек салынды. Отаны Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың басқарма басшысы, атақты қазақстандық хирург Юрий Пя әріптестерімен бірге жасады. Бұл – республикамызда жасалған алғашқы жүрек ауыстыру отасы. Донор табылғаннан кейін Құнанбай Абыраевқа тірі жүрек қайта салынды
01 тамыз 2018 ж. 1 030 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 01:47
Valtrex Online Australia Cialis Mit Rezept Bestellen buy cialis online Zithromax Watery Diarrhea Kamagra Best Place To Buy Canadian Pharms

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930