» » «7-20-25» ипотекасы қашан беріле бастайтыны анықталды

«7-20-25» ипотекасы қашан беріле бастайтыны анықталды

«7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасы мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде мәлімдеді. 
«Жыл ортасында дайындық шаралары толық аяқталып, ары қарай кредит бере бастаймыз деген ойдамын. Бұл кредиттердің алғашқы пулы қалыптасқаннан кейін, бізге қарасты ұйым бұл кредиттерді сатып алады, яғни, механизм іске қосылады», – дейді Смоляков.
Оның сөзінше, бағдарламаны бекіту мамырға жоспарланған.
«Қатысатын банктердің қаржылық жағдайы ескеріледі. Банктер жылына 70-80 миллиард теңге ипотека береді. Бағдарламаны іске асыру арқылы бұл кемінде 30-40 пайызға артады», – дейді ол.
Смоляковтың сөзінше, жаңа бағдарлама құрылысқа тәуелді емес, бірақ, жұмысын «7-20-25» шарттарына сәйкесетін пәтерлер бойынша «Нұрлы жермен» үйлестіріп отырады.
«Кредиттің максимал көлемі анықталады. Кредитке 20 миллион теңге алынса, үлкен қалалардағы пәтер бағасы, онда кредит алушы айына 140 мың төлеуі керек болады. Ал аймақтық сипат және кредит мөлшері 7 миллион болса, онда айына 50 мың теңге төлейді. Бағдарлама жалпылай икемді», – дейді ол.
Оның сөзінше, бес жылда Ұлттық банкке қарасты ұйым триллион теңгедей қаржы тарта алады.
Еске салайық, 5 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев  «7-20-25» атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын.
14 наурыз 2018 ж. 1 243 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 11:48
Discount Levaquin Medication In Canada Cheapeast Austin cialis 5 mg best price usa Farmacia Italia Viagra Generico Buy Tamoxifen Online Australia Can You Take Amoxicillin With Lyrica

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 473

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 544

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031