» » Ипотекалық үйлердің бағасы біршама төмендеуі мүмкін

Ипотекалық үйлердің бағасы біршама төмендеуі мүмкін

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін ипотекалық үйлердің бағасы біршама төмендеуі мүмкін. Бұл механизм мемлекет тарапынан субсидиялаудың артуы және банктердің бастапқы жарнасын азайту жолдары арқылы іске асырылады. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде  Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Қайырбек Өскенбаев кеңейтілген алқа отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты.
Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан ерекше қызығушылық тудырған осы мәселе төңірегінде журналистер банк тарапынан алғашқы жарнаның азаю мүмкіндігін сұрады.
–  Ипотекалық үй алуға арналған міндетті алғашқы жарна 30 пайыздан төмендемейді. Себебі ол кезде айлық төлемақы тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық туғызады. Мысалы, алдын ала 30 пайызын салған салымшы ай сайын 50 мыңнан төлеп отыруы мүмкін. Ал 30 пайыздан төмен салатын болса, онда әр айда 75 мыңнан төлейді деген сөз. Ал бұл тұрғындардың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді, – деді Қайырбек Айтбайұлы.
Айта кетерлігі, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық үйлердің салынуына құрылыс компаниялары ерекше ықылас танытпайтын көрінеді. Есесіне бұл бағдарлама өңірлерде өз жемісін берді. Оның негізінде 25-30 үйден тұратын шағын аудандар бой көтере бастаған.
Баспасөз конференциясы барысында Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Роман Скляр кәсіпорындар мен өнеркәсіпорындарының төртінші өнеркәсіптік революцияға сатылап өтетіндігін айтты.
Журналистердің сұрағына жауап берген Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы жер» бағдарламасы былтыр қосылғанын айта келе, Үкіметке дайындалып жатқан ұсынысқа тоқталды.
–Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасын іске қосқанда ипотеканың пайызы 10 пайыздан аспау керек дедік. Одан асатын болса, үкімет өз тапанынан оны субъсидиялау механизімін іске асырды. Қазіргі уақытта ол жұмыс жақсы жүріп келе жатыр. Ипотеканың саны көбеюде. Соны екі жолмен арзандатамыз деп отырмыз. Бұрын жай банктер берген ипотека шамамен 80 пайыздай болса, 20 пайызын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құрайтын. Ал былтыр Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ипотекасы 76 пайызға дейін жетті. Қалған банктер 24 пайызын құрап отыр. Осы жолда екі мақсатты көздеп отырмыз. Қалған банктердің осы жұмысқа ақшаларын жұмсау қандай тетіктері бар екенін соны алып, ипотеканың бағасын түсірілсе деп. Ондай ұсынысты біз дайындап отырмыз. 10 пайыздан да арзан болса екен деп. Егер Үкімет қолдаса оны жақын арада еститін боласыздар. Екінішден, жаңағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің механизімін дамытып отырмыз. Олардың пайызы өздеріңіз білесіздер 5 пайыздан бастап, 9,5 пайызға дейін, – деді спикер.
15 ақпан 2018 ж. 1 040 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031