» » Ұйқыдан сағат қаншада тұру керек?

Ұйқыдан сағат қаншада тұру керек?


Мұны Қытай тарихындағы үздік 10 дәрігердің бірі Хуа Тон осыдан екі мың жыл бұрын айтып кеткен. Біздің эрамызға дейінгі 145-208 жылдарда өмір сүрген ғұлама ның айтқандарын зерттеген ғалымдар оның «кестесін» толықтай мақұлдап отыр. Олай болса, осы дәрігердің бұл кеңесін сіздер де біле жүріңіздер:
 
Адамдар ерте тұру уақытын таң шеті сөгілген мезетке (03:00-5:00 аралығы) туралағаны жөн. Бұл кезде қамығуға, ашулануға болмайды, өкпе мен бауырға зақым келеді. Осы уақыттарда ояна алсаңыз күні бойы сергек жүресіз.
 
Түскі кез, сағат 11:00-13:00 аралығы, жүрекке қуат жеткі­зілетін уақыт, бұл мезетте ұйықтауға мұрса болмаса, 15 минут жайланып отырып, көзді жұмып, жүйкені тыныштандырсаңыз, жүрек қуатыңыз толық болмақ. Жүрек ауруы барлар әр күні осы уақытта ұйықтауды ұмытпаса, дене қуаты күн сайын артады, жүрек қағуы қалыпқа түседі. Ал дәл түс мезгілінде көзді жұмып 30 минут ұйықтау екі сағат ұйықтағанмен тең.
 
Жарым түн (түн ортасы: сағат 23:00-ден 01:00 аралығы). Шындығында жаңа күн түнгі сағат 00-де емес 23:00-де басталады. Біз сағат 00-де басталады деп ағат түсініп жүрміз. Бауырдың бір ерекшелігі, адам жатқанда қан қайтады, отырсаң, тұрсаң басқа мүшеге қан жібереді. Сағат 23:00-де өт қан жолы ашылады, егер ұйықтамасаңыз, өт қуатын зақымдайды. Іштегі 11 мүше өт қуатына сүйе­неді, өт қуаты әлсіресе, ішкі мү­шелердің барлығының қызметі әлсірейді, зат алмасуы, иммунитет кемиді.
 
Түн ортасындағы 5 минуттық ұйқы 6 сағаттық ұйқының демалысын сыйлайды. Сондықтан ұйқысы қашып жүргендер немесе түнделе­тіп жұмыс істей­тіндер уақытын бөліп, жарты сағат ұйықтап алса, ағзаға түсетін артық қысымды жеңіл­детеді.
 
Адам бір түнгі ұйықтамаудың зиянын 100 күнде толықтай алмақ емес. Бір түн ұйықтай алмасаңыз, жаңа клетка жасалмайды. Күндіз бір миллион клетка жойылып, түнде 500 мыңы ғана толығатын болса, денеңіздің қуаты әлсірейді.
 
Түн ауған кезде (түнгі сағат 01:00-03:00 аралығы) бауырдың қан жолының қызметі арта түседі, бұл кезде ұйықтамасаңыз, бауыр улы заттарды аластай алмайды, таза қан жасай алмайды. Қанның қордалануы жетерсіз болу себебінен адамның өңі көгеріп тұрады, уақыт ұзара келе бауыр ауруларына оңай шалдығады.
 
Тамақ іше сала шалқалап жатпаңыз. Төсекте жатып келешек істерін ойламаңыз. Жатқаннан кейін бар ойдан арылып, еркін тыныс алу керек. Санаңыз­ға сансыз ой оралып, тынышыңыз кетсе, төсекте аунақшып жата бермеңіз. Бұл адам жүйкесін мейілінше тоздырады. Мұндайда біраз түрегеліп отырып барып жатқаныңыз жөн.
zamana.kz

14 қыркүйек 2018 ж. 1 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031