» » Ерте оянуға көмектесетін 7 қасиет

Ерте оянуға көмектесетін 7 қасиет

Ерте оянуға көмектесетін 7 қасиет
Қазір адамдардың көпшілігі мақсатқа жету, табысты болу үшін мотивация іздеп, түрлі тренингтерге қатысып жүреді. Мамандар мұнымен қатар адам күнделікті дағдыларын түзеу керек дейді. Соның бірі – ұйқы режимі. Ұйқым салауат болсын десеңіз, қандай дағдылар керектігін оқып көріңіз.
Өмірлік мақсат
Көпшілігіңізге ерте оянуға өмірлік мақсаттың қандай қатысы бар деген ой келуі мүмкін. Біріншіден, өмірлік мақсат адамға мотивация береді. Сол үшін «лажсыздан» ұйқыдан ерте оянуыңа тура келеді. Екіншіден, мақсат – адамның болашаққа жасалатын қадамын нақтылап, дұрыс жоспар құруға әсер етеді. Ұйқыны да бір сәт ұмыта тұруға себеп болады.
Кешкі дайындық
Таңертең ерте жеңіл әрі жайлы оянғыңыз келсе, дайындықты түннен бастау керек. Түнде ертеңгі күнге жоспар құрып қойыңыз (қайда болатыныңызды, не киіп, не ішетіңізді ойлаңыз). Сосын барлық электронды құрылғыларыңызды ұйықтауға үш сағат қалғанда өшіріп қойсаңыз, ерте ұйықтауға ешнәрсе кедергі болмайды.
Өткен күнге есеп беріңіз
Уақыт — өте жылдам. Оны ештеңемен тоқтата алмайсыз. Сондықтан да күнде жатар алдында өзіңізден есеп алыңыз. Күні бойы не істегеніңізді ойлаңыз. Бітпей қалған тығыз шаруаларыңыз болса, ерте оянуға себеп болады.
Оқыңыз
Қазір мектептегі баладан қартқа дейінгі адамдар өте тығыз уақыт графигімен өмір сүреді. Кітап оқуға уақыт жоқ. Егер ұйықтар алдында электронды құрылғылардың барлығын өшірсеңіз, кітап оқуға тым болмағанда 30 минут уақыт болады. Әрі жүйкеңіз тынышталып, ерте ұйықтайсыз.
Уайымсыз ұйқы
Егер сіз ұйықтамасаңыз, қай уақытта оянғаныңыз маңызды емес. Сіз бәрібір өзіңізді шаршап тұрғандай сезінесіз. Салауатты және тыныш ұйқы – сіздің сәтті күніңіздің негізі.
Жайлы орын мен киім
Сіздің бөлмеңіз бен төсек-орныңыз ерте оянуыңызға әсер етуі мүмкін. Төсегіңізді терезенің жанына бетіңізге күн түсетіндей етіп қойсаңыз, «лажсыздан» ерте оянуыңызға тура келеді. Сондай-ақ, жатарға киетін киіміңіздің де ыңғайлы болғанын ойлаңыз.
Салауатты өмір салтын ұстану
Ұйқыға 6 сағат қалғанда кофе мен алкогольді ішімдікті қолданбаңыз. Жатар алдында тойып тамақтанбағаныңыз жөн. Көк шәй немесе су ішіңіз. Сондай-ақ, спортпен ұйқыға 3 сағат қалғанда айналысыңыз. Дене шынықтырған соң ұйықтау қиын болады.
Дереккөз: 7kun.kz


12 қыркүйек 2018 ж. 1 138 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 10:01
Cialis Generico 40 Mg Price Of Viagra 100mg Kroger Consumo De Viagra Problemas generic cialis canada Can You Buy Doxycycline In Thailand Effexor Online Without Prescription Comprar Kamagra En Valencia

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031