Мәслихаттар сайлауы
» » Өнім қауіпсіздігін бақылау басты назарда

Өнім қауіпсіздігін бақылау басты назарда


Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ағымдағы жылдың қаңтар–қазан айларында 13 нысаннан 207 сынама алды. Оның 179-ы — тағам өнімдері, 28-і — тағамдық емес өнімдер.

Зерттеу нәтижесінде 25 сәйкессіздік анықталды: 24-і — таңбалану талаптарына қатысты, 1-еуі — антибиотикке байланысты.

Анықталған сәйкессіздіктер бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы 8 қаулы шығарылып, талаптарға сәйкес келмейтін тағам өнімдері, балалар косметикасы, ойыншықтар, тұрмыстық химия және киімдер дүкен сөрелерінен алынды.

4 нысанда тергеп-тексеру, тағы 4 нысанда жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 4 айыппұл салынып, жалпы сомасы 389 250 теңге өндірілді.

Кәсіпкерлерге өнімнің таңбалануы, құрамы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі және басқа да міндетті ақпараттың көрсетілуі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта 2 семинар өткізіліп, газетте 1 мақала жарияланды және 20 ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Өнім сатып алғанда таңбалануы мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз!

Қауіпсіз өнім — қауіпсіз өмір кепілі!

А.Смайлова,
Қармақшы аудандық санитариялық -эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы
05 қараша 2026 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 466

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30