» » Бақылау мақсатында сатып алудың маңыздылығы

Бақылау мақсатында сатып алудың маңыздылығы

Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық -гигеналық бақылау және техникалық регламенттерді бақылау бөлімімен, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында, сынамалар сатып алу бойынша өсіммен 2025 жылғы қаңтар - сәуір айларында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді. Барлық жұмсалған қаржы 70 000 тг, алынған сынама саны 22, сәйкессіздік 1 өнімнен анықталды (таңбалау бойынша сәйкес емес).
1. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті Абай көшесі №102А мекен жайда орналасқан, жеке кәсіпкер Р.Досымовтың «Рүстем» сауда орталығынан 26.02.2025жылы сынама алынды, жұмсалған қаржы 62 000 теңге. Алынған сынама 19, сәйкес емес - 1 өнім (Крыло цыплят-бройлеров замороженное «Галерея качества РФ ООО «УСА» 443052, Россия, г.Самара, проспект Кирова, д. 24, корпус 15, оф. 123). ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің Крыло цыплят-бройлеров замороженное «Галерея качества 28.02.2025ж №2/2250001024264434 хаттамасы, таңбалау бойынша сәйкес емес: мемлекеттік тілде мәлімет жоқ. Кеден Одағының 022/2011 «Таңбалану бөлігіндегі тағам өнімдері» техникалық регламентінің 4 баптың 4.1 тармағының 1 тармағының талаптарына сәйкес келмейді. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ҚАУЛЫСЫ №1 03.03.2025ж берілді. Қаулы бойынша Крыло цыплят-бройлеров замороженное «Галерея качества» өнімінен сәйкессіздік анықталуына байланысты 1,040г, 1,022г- 2 дана, барлығы 2,062 г өнім жойылды.
2. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті Сүлейменова (номерсіз) көшесі орналасқан, жеке кәсіпкер І. Арыстанованың «Ернұр» азық-түлік дүкенінен 18.03.2025жылы сынама алынды жұмсалған қаржы 8000 теңге. Сынама саны 3, сәйкессіздік жоқ.
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы


23 сәуір 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 629
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930