» » Сапалы қызмет көрсете беретін боламыз

Сапалы қызмет көрсете беретін боламыз

qarmaqshy-tany.kz ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөлімшесі құрамына санитариялық-гигиеналық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар және дезинфекциялық, шаруашылық бөлімдері кіреді.
Онда 6 – жоғары санатты, 6 – І санатты, 3 – ІІ санатты маман қызмет атқарады. Бөлімше 29.05.2019 жылғы No19011777 санды мемлекеттік лицензия және қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, шу, діріл, электро-магниттік өріс және басқа да физикалық факторлар, радиологиялық өлшемдер жүргізеді. Бөлімше ақылы негізде сертификаттық зерттеулер, жұмыс орнын аттестаттау, өндірістік бақылау, гигиеналық оқытулар, дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық жұмыстарды атқарады. ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Ұлттық аккредиттеу орталығының» 21.02.2018 жылғы No KZ.Т.12.2026 санды «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзы­реттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ИСО/МЭК 17025 – 2019 талаптарына сәйкес, «Аккредиттеу аттестаты» алынды, яғни аккредитациядан өткізілді. Мерзімі осы жылғы 21 ақпанға дейін жарамды болатын. 2022 жылдың желтоқсан айында қайта акредиттеуден өткізілді.
Санитариялық-гигиеналық зертханасы бойынша 2022 жылы ауыз суға – 4230 зерттеу жүргізіліп, оның 213-нен, залалсыздандыру ерітіндісінен – 518 сынама алынып, оның 57-нен, тағам өнімдерінен – 782 зерттеуден, 5-нен сәйкессіздік анықталды. Тағам өнімдерінен Кедендік одақ техникалық регламенттеріне – 122 сынамаға зерттеулер жүргізіліп, 5-нен сәйкессіздік анықталды. Электромагнитттік өрістер және басқа да физикалық факторларға – 5581 өлшемдер жүргізіліп, 26 өлшемнен сәйкессіздік анықталды. Радиологиялық өлшемдер – 6820 болып, сәйкессіздік анықталған жоқ. Бактериологиялық зертхана бойынша 2022 жылы ауыз судан – 609 зерттеу жүргізіліп, оның 30-нан, тағам өнімдерінен – 873 зерттеу жүргізіліп, оның 9-нан, стерильдікке – 330 зерттеу алынып, оның 2-нен сәйкессіздік анықталды. Тағам өнімдерінен Кедендік одақ техникалық регламенттеріне – 107 сынамаға зерттеу жүргізіліп, 2-нен сәйкессіздік анықталды. Бақылаудағы нысандардан – 2460 шайынды алынып, оның 84-нен ішек аурулары таяқшалары табылды. Емдеу мекемелерінен медициналық монипуляциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауадан – 312 зерттеу жүргізіліп, 7-нен сәйкессіздік анықталды.
Бактериологиялық зертхана бойынша аурулардың алдын алу, диагностикасы бойынша жүргізілетін зерттеулер: Бактериологиялық зертхана – 3 әдіспен зерттеу жүргізеді, яғни микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық.
Бактериологиялық зертхана негізгі 3 бағытта жұмыс атқарады. Біріншісі, профилактикалық ҚР ДСМ 15.10.2020 жылғы No131 «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу» бұйрығына сәйкес декреттелген топ өкілдері бактериологиялық зертханадан тексеріліп аталған жұмысқа жарамдылығын анықтаймыз. Екіншіден, аурулардан және қатынаста болған адамдардан алынған сынамалардың микроб түрін анықтап, қандай антибиотикке сезімталдығын анықтаймыз. Үшіншіден, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргіземіз (ауа, зарарсыздық, шайынды сынамаларын алып нәтижесін береміз.
Паразитологиялық зертханада – 480 адам копрологиялық зерттеулерге тексерілді, оң нәтиже анықталған жоқ. Зерттеулерге – 1922 сүртінді алынып, оның 13-нен, шаң – 170 сынама, оның 4-нен, ашық судан – 6 сынама алынып, оның 3-нен оң нәтиже анықталды.
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруын анықтауға аудан бойынша 29 елді мекеннен – 3511 кене сынамасы жиналып, облыстық аса қауіпті инфекциялар зертханасына жіберіліп, оның 62 данасынан серопозативті кене анықталды. Серопозативті кене анықталған қолайсыз елді мекендерге көктемгі және күзгі мерзімдерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Ақылы негізде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы дезинфекциялық қызмет бойынша – 18 мекемемен келісім-шарттар жасалып, 1 251 540 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді. Өндірістік бақылау бойынша ауданда барлығы – 86 мекеме және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасалып, 20 883 278 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.
Аудандық бөлімше аурулардың алдын алу, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен және тағам өнімдерімен қамтамасыз ету, азық-түлік және азық-түлік емес (тұрмыстық химия, жеңіл өнеркәсіп, балалар ойыншықтары мен ойындары, жеке бас гигиеналық құралдары) тауарлардың Кедендік одақ техникалық регламенттеріне сәй- кестіктерін тексеру мақсатында сапалы қызмет атқаратын боламыз.
А.СЕРКЕШБАЕВ,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөлімше басшысы, ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»
07 ақпан 2023 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930