» » ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ


Қызылша – ауа арқылы тез таралатын, жұқпалылығы жоғары вирустық инфекциялық ауру. Ол әсіресе вакцина алмаған балалар үшін қауіпті. Ауру асқынған жағдайда өкпенің қабынуы, құлақтың қабынуы және жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін.

Қызылшаның негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрыннан су ағу, көздің қызаруы және денеде қызыл бөртпенің пайда болуы жатады. Мұндай белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жүгініп, өз бетінше ем қабылдамау қажет.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, балаларға қызылшаға қарсы екпе 12–15 айлығында және 6 жасында салынады. Ата-аналар балаларының екпелерін уақытылы алуын қадағалауы керек. Егер бала екпе алмаған болса, медициналық ұйымға жүгініп, дәрігерден кеңес алған жөн.

Сонымен қатар ауру белгілері бар адамдармен байланысты шектеу, бөлмелерді жиі желдету және жеке гигиена талаптарын сақтау маңызды. Дегенмен бұл шаралар вакцинацияны алмастыра алмайды.

Қызылша белгілері байқалған жағдайда медициналық ұйымға алдын ала телефон арқылы хабарлап, дәрігердің кеңесін алу қажет. Бұл инфекцияның басқа адамдарға таралу қаупін азайтады.

Қорытындылай келе, қызылшаның алдын алу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Вакцинацияны уақытылы алу арқылы өз денсаулығымызды және айналамыздағы адамдардың саулығын қорғай аламыз.

Есіңізде болсын: қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация!

З.Атабаева,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшы м. а. 
21 қазан 2026 ж. 13 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 138
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 334

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031