» » Қызылшаның алдын алу – вакцинациядан басталады

Қызылшаның алдын алу – вакцинациядан басталады


Қызылша – ауа-тамшы жолымен таралатын, жұқпалылығы өте жоғары вирустық инфекциялық ауру. Ауру әсіресе екпе алмаған адамдар арасында тез таралады.
Қызылшаның негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жөтел, мұрыннан су ағу, көздің қызаруы және денеге бөртпенің шығуы жатады. Кейбір жағдайларда ауру асқынып, өкпенің қабынуы, құлақ инфекциясы және басқа да ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Қызылшадан қалай қорғануға болады?
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді тәсілі – вакцинация. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес профилактикалық екпелерді уақытылы алу аурудан сенімді қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі.
Сонымен қатар:
•науқаспен жақын қарым-қатынастан аулақ болу;
•бөлмені жүйелі түрде желдету;
•қол гигиенасын сақтау;
•жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу;
•ауру белгілері байқалған жағдайда адамдар көп жиналатын орындарға бармай, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Қызылша белгілері байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, дәрігерге жүгінген жөн. Бұл ауруды дер кезінде анықтап, инфекцияның өзгелерге таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Есіңізде болсын: қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы – уақытылы вакцинация!
Екпе алыңыз – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
12 тамыз 2026 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30