» » АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНЫҢ (АПВ) АЛДЫН АЛУ

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНЫҢ (АПВ) АЛДЫН АЛУ

Адам папиллома вирусы (АПВ) – әлемде ең жиі кездесетін вирустық инфекциялардың бірі. Бүгінгі таңда оның 200-ден астам түрі анықталған. Вирустың кейбір түрлері адам ағзасында қатерсіз өзгерістер тудырса, жоғары онкогенді түрлері жатыр мойны обырының, сондай-ақ ауыз қуысы, жұтқыншақ және жыныс мүшелерінің қатерлі ісік ауруларының дамуына себеп болуы мүмкін.

АПВ негізінен жақын қарым-қатынас кезінде беріледі. Инфекция жұқтырған адамдардың көпшілігінде ауру белгілері бірден байқалмайды. Осыған байланысты адам өзінде вирус бар екенін білмей, оны басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда вирус ұзақ уақыт бойы ағзада сақталып, денсаулыққа елеулі зиян келтіреді.

Адам папиллома вирусының алдын алудағы ең тиімді әдіс – вакцинация. Вакцина ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтіп, вирустың қауіпті түрлерінен қорғайды. Көптеген елдерде АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обырының алдын алудың маңызды құралы ретінде кеңінен қолданылады.

Сонымен қатар, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп тұрудың маңызы зор. Әйелдерге дәрігердің ұсынысына сәйкес жатыр мойны обырына скринингтік тексерулерден өту ұсынылады. Ерте анықталған өзгерістерді дер кезінде емдеу ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Аурудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау қажет. Әрбір адам өз денсаулығын қорғау арқылы қауіпті аурулардың даму қаупін төмендете алады.

Адам папиллома вирусы – алдын алуға болатын инфекция. Сондықтан профилактикалық шараларды сақтап, вакцинация мен медициналық тексерулерден уақытылы өту – денсаулықты сақтаудың маңызды кепілі.
Қ.Құрақбаева,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы 
04 маусым 2026 ж. 20 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 233
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930