» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – кене арқылы таралатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ауру адам денсаулығына елеулі қауіп төндіріп, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, бұлшықет ауруы және қан кету белгілерімен сипатталуы мүмкін.

Бұл ауру көбіне көктем-жаз мезгілдерінде жиі тіркеледі. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын адамдар, табиғат аясында демалушылар және дала жұмыстарымен айналысатын азаматтар қауіп тобына жатады. Сондықтан кене шағуынан сақтану шараларын сақтау өте маңызды.

Аурудың негізгі тасымалдаушысы – кене. Сондықтан табиғат аясында, мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін азаматтар сақтық шараларын қатаң сақтауы қажет.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін:

кене көп кездесетін жерлерде жабық киім кию;

денені және киімді жиі тексеру;

кенені өздігінен жұлмау;

малдарды кенеге қарсы дәрілеу;

қора-жайларды уақтылы залалсыздандыру;

табиғаттан келгеннен кейін денені мұқият қарау қажет.


Кене шаққан жағдайда немесе ауру белгілері байқалса, дереу медициналық ұйымға жүгіну керек.

Сақтық шараларын сақтау – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы!
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
23 мамыр 2026 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930