Құрылтай
» » Адам папиллома вирусының (АПВ) алдын алу – денсаулықты қорғаудың маңызды қадамы

Адам папиллома вирусының (АПВ) алдын алу – денсаулықты қорғаудың маңызды қадамы

Адам папиллома вирусы (АПВ) – әлемде кең таралған вирустық инфекциялардың бірі. Бұл вирус тері мен шырышты қабаттарды зақымдап, кей жағдайларда қатерлі ісік ауруларының дамуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан АПВ-ның алдын алу мәселесі бүгінгі таңда аса маңызды болып отыр.

АПВ көбіне адамнан адамға тығыз байланыс арқылы жұғады. Көп жағдайда вирус белгілерсіз өтеді, сондықтан адам өзінің вирус тасымалдаушысы екенін білмеуі де мүмкін. Дегенмен уақыт өте келе бұл инфекция денсаулыққа елеулі зиян келтіруі ықтимал.

Аурудың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – вакцинация. Мамандар АПВ-ға қарсы екпе ағзаны қауіпті вирус түрлерінен қорғауға көмектесетінін атап өтеді. Сонымен қатар, уақытылы медициналық тексеруден өту де ауруды ерте анықтап, асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

АПВ-ның алдын алу үшін:

жеке бас гигиенасын сақтау;

салауатты өмір салтын ұстану;

иммунитетті нығайту;

зиянды әдеттерден бас тарту;

тұрақты профилактикалық тексерулерден өту маңызды.


Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Аурудың алдын алу – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы. Денсаулыққа немқұрайлы қарамай, уақытылы тексеріліп, профилактикалық шараларды сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз.

Денсаулық – ең үлкен байлық!
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы 
22 мамыр 2026 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 084

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31