» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – жедел зоонозды, табиғи-ошақтық, трансмиссивті механизм арқылы берілетін, геморрагиялық синдромы айқын байқалатын және екі толқынды қызбамен жүретін, көп жағдайда адам өліміне әкелетін вирустық инфекция.
Аурудың табиғи резервуары – жабайы және үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі), ал тасымалдаушылары – иксодтық кенелер болып табылады. Ауру көбіне маусымдық сипатқа ие, әсіресе мамыр мен тамыз айлары аралығында жиі тіркеледі.
Бұл аурумен көбінесе белгілі бір кәсіби топтағы адамдар ауырады: шопандар, малшылар, жеке меншігінде мал ұстайтындар, бау-бақша өсірушілер, фермерлік шаруашылық жұмысшылары, қой қырқушылар, қасапшылар. Жалпы алғанда, үй жануарларымен айналысатын және қауіпті аймақтарда тұратын адамдар тәуекел тобына жатады.
Вирус адамға кене шаққанда, сондай-ақ жұқтырған жануарларды сою кезінде олардың қаны арқылы жұғуы мүмкін. Сонымен қатар, ауру адамнан сау адамға күтім жасау барысында, науқастың қанымен ластанған киім-кешек пен заттарды ұстағанда немесе жуған кезде, сондай-ақ қан, сілекей, құсық арқылы жұғуы ықтимал.
Аурудың негізгі белгілеріне кене шаққан жердің ісінуі, ауыруы, іріңдеуі, сондай-ақ сол маңайдағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы жатады. Сонымен қатар дене қызуының көтерілуі, ағзаның жалпы улану белгілері, бас, бұлшық ет және буын аурулары, әлсіздік, енжарлық, тәбеттің төмендеуі байқалады. Дене қызуы 39–40 ºС-қа дейін күрт көтеріліп, қалтырау пайда болады. Геморрагиялық белгілер дамып, шырышты қабаттардан, қызыл иектен, мұрыннан, әйелдерде жыныс жолдарынан және ішкі ағзалардан қан кетуі мүмкін. Қанның ұю қабілеті төмендеп, науқас қансырау салдарынан қайтыс болуы ықтимал.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына тән ерекшелік – дене қызуының екі толқынды болуы: алдымен жоғарылап, кейін субфебрилді деңгейге төмендеп, 1–2 күннен соң қайтадан көтеріледі.
Науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, отит сияқты асқынулар дамуы мүмкін.
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
басшысы
24 сәуір 2026 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 964
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930