» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – адамнан адамға берілуге қабілетті ерекше қауіпты, өте жұққыш вирустық трансмиссиялық ауру. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы ол – кенелер. Ауру сәуiр-қазан айлары аралығында жиі тіркеледі.
Адам мынадай жағдайларда ауруды жұқтырады және ауру жұқтыру қаупі жоғары:
– кенелер тікелей шаққанда, кене басқан ауыл шаруашылығы малдарын бағу кезінде (кенелерді малдан алу, қайшымен қырқу және кенелерді қолмен алып тастау кезінде);
– жануарларды бағумен (шопандар, малшылар, сауыншылар, ветеринарлық қызметкерлер), сондай-ақ оларды табиғи ошақтың аумағында союмен немесе бөлшектеумен айналысатын адамдар;
– КҚГҚ-мен ауыратын науқастың қанымен және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен қорғалмаған байланыста болған медицина қызметкерлері;
– кез келген адам, егер олар эндемиялық аймақта болғанда жұқтырған кенемен байланыста болса.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық белгілері:
Алғашқы белгілері: науқастың дене қызуының кенеттен 39-40С дейін көтерілуі, басының қатты ауыруы, көздің қызаруы және мойын, арқа, белдің ауыруы, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуімен басталады. Ауру одан әрі дамыған жағдайда бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен, денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, асқазаннан, жатырдан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өлім жағдайына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
КҚГҚ-ны жұқтырмау үшін:
– табиғатқа шыққан кезде киімге себу (импрегнация) үшін және белгілі бір уақыттан кейін кенелерді үркітетін құралдарды (аэрозольді репелленттерді) пайдалану;
– киімге түскен кенелерді уақытылы табу үшін өзін-өзі және бір-бірін қарап тексеру;
– ауыл шаруашылығы жануарларын қырқуды және жүнді өңдеуді қорғаныш киіммен және қолғаппен орындау.
– жануарларды, мал қораларын және табиғи ошақтарда орналасқан елді мекендердің тұрғын үй-жайларын кенеге қарсы өңдеу қажет.
Қазіргі уақытта КҚГҚ-ға қарсы вакцина жоқ. Егер КҚГҚ ауруын емдеу уақытылы басталмаса, ауру өлімге әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, кене шағып алған кезде тез арада медициналық мекемеге хабарласуы керек және 14 күн медициналық бақылауда болуы тиіс.
Жадыра КЕНЖЕБАЕВА,
аудандық аурухана дәрігер эпидемиологы
04 шілде 2022 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031