Топ-баннер
» » Медициналық қалдықтар дегеніміз не?

Медициналық қалдықтар дегеніміз не?


Медициналық қалдықтар – бұл барлық медициналық мекемелерден, медициналық зертханалардан және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан шығатын қалдықтар. Яғни, емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметі нәтижесінде пайда болатын барлық қалдықтар осы санатқа жатады. Оларға биологиялық сұйықтықтар, медициналық көмек көрсетуге арналған бұйымдар, фармацевтикалық препараттар, таңғыш материалдар және өзге де қалдықтар кіреді.

Медициналық қалдықтар келесі сыныптарға бөлінеді:

«А» сыныбы – қауіпті емес қалдықтар;

«Б» сыныбы – эпидемиологиялық қауіпті және аса қауіпті қалдықтар, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар мен аспаптар;

«В» сыныбы – аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен жанасқан қалдықтар (мысалы, туберкулезбен ауыратын науқастардан шыққан қалдықтар);

«Г» сыныбы – құрамы бойынша өндірістік қалдықтарға ұқсас, токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (құрамында сынап бар заттар);

«Д» сыныбы – радиоактивті медициналық қалдықтар, құрамында радиоактивті заттар бар қалдықтар. Бұл қалдықтар рентген кабинеттерінде және радиоактивтік зертханаларда түзіледі.

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде санитарлық ережелерді сақтамау ауруханаішілік инфекциялардың және халық арасында жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін.

Медициналық қалдықтар қалай жойылады?

«Б» және «В» сыныптарының қалдықтары арнайы қондырғыларда залалсыздандырылып, зарарсыздандыру арқылы жойылады. Бұл қалдықтар диагностикалық бөлімшелерде, химиотерапия кабинеттерінде, фармацевтикалық цехтарда және химиялық зертханаларда түзіледі.

«Г» сыныбына жататын медициналық қалдықтар – токсикологиялық қауіпті қалдықтар, оның ішінде құрамында сынап бар бұйымдар (градусниктер). Мұндай қалдықтарды жою және кәдеге жарату үшін тиісті рұқсат құжаттары бар ұйыммен келісімшарт жасалуы тиіс.

Қалдықтар су өткізбейтін қаптарда, пакеттерде, металл немесе пластмассадан жасалған контейнерлерде, өз сыныбына сәйкес жиналады. Әр сынып арнайы түспен және белгімен белгіленеді:
А сыныбы – ақ, Б сыныбы – сары, В сыныбы – қызыл, Г сыныбы – қара, Д сыныбы – радиоактивтік қауіптілік белгісімен.

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған арнайы бөлек бөлме болуы қажет. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда арнайы таңбаланған аймақ, стеллаждар немесе тоңазытқыштар пайдаланылуы тиіс. Қалдықтар жұмыс орнында 1 тәуліктен артық сақталмауы керек.

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты маманға жүктеледі.
С.Саймбетова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы 
09 ақпан 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 471
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728