» » ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

Кент кітапханасында қазақтың аса көрнекті ғалымы, ағартушысы, шығыстанушысы, саяхатшысы, тарихшысы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ғұлама ғалымы» атты танымдық сағат өтті. Ісшараның мақсаты – халқымыздың ұлттық ғылымы мен мәдениетіне өшпес із қалдырған Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын жас буынға кеңінен таныту.
Іс-шараны кітапхана қызметкерлері ұйымдастырып, қатысушыларға Шоқан Уәлиханов туралы арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды. Бейнематериалда ғалымның туған ортасы, оның білімге құштарлығы, зерттеушілік сапарлары мен қазақ тарихы мен этнографиясына қосқан елеулі үлесі кеңінен көрсетілді.
Танымдық сағат барысында жүргізуші Шоқан Уәлихановтың өмір жолына тоқталып, оның қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі дүниесі мен Еуразия ғылымы үшін маңызын айрықша атап өтті. 1835 жылы Құсмұрын бекетінде дүниеге келген Шоқан жастайынан парасатты, зерек болып өсіп, 12 жасында Сібір кадет корпусына қабылданды. Дәл осы оқу орнында оның ғылымға деген ерекше талантын танып-білген ұстаздар мен зиялы орта болашақ ғалымның қалыптасуына үлкен ықпал етті.
Кадет корпусында оқыған жылдары ол география, тарих, философия, әдебиет, шығыстану салаларында терең білім меңгеріп, досы әрі замандасы Г.Потаниннің айтуынша «өзінен екі-үш жас үлкен оқушылардың білімін басып озған дарынды шәкірт» ретінде көзге түсті. Шоқанның суретшілік қабілеті де халық тұрмысы мен этнографиясын зерттеудегі маңызды құралға айналды.
Кітапхана оқырмандарына «ХІХ ғасырдың жарық жұлдызы» атты арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі де таныстырылды. Көрмеде Шоқан еңбектерінің жинақтары, оның зерттеулеріне арналған ғылыми еңбектер, фотоқұжаттар мен әдебиеттер қойылып, кітапханашы Ғазиза Кереитбайқызы көрме материалдары жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.
Танымдық сағат барысында оқушылар ғалым жайлы ұлы тұлғалардың айтқан дәйексөздерін оқып, Шоқан Уәлихановтың ғылымдағы орнын айғақтайтын қанатты сөздермен бөлісті. Мәселен, Сәбит Мұқановтың «Шоқан – ғылыми ойдың қазақ даласындағы қарлығашы», Ф.Достоевскийдің «Қазақ даласы Шоқандай ұлды туғызғанына мақтана алады» деген сөздері іс-шараға ерекше мазмұн қосты.
Сонымен қатар халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрайымы, ардагер-ұстаз Гүлжаухар Төлегенқызы Шоқан мұрасының бүгінгі күндегі рухани маңызы туралы тебірене сөз сөйледі. Ол ғалым еңбектерінің қазіргі қазақ қоғамы үшін құндылығын атап өтіп, жас буынды ұлттық тарихын терең білуге шақырды. Жиын соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу – халқымыздың рухани дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Кеш естелік суретке түсумен аяқталды.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
03 желтоқсан 2025 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 989
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 668

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031