» » Сандық ілім не айтады?

Сандық ілім не айтады?


Бүгінде уақыт өткен сайын адам дүниетанымын айқындайтын тың ғылыми болжамдар дүниеге келуде. Әсіресе, оған себеп жаһанда болып жатқан ғылыми психологиялық әлеуметтік процестер негізінде сандық технологияның өмірге жаңа қырынан келуі дер едік. Осы орайда біздің қоғамда көпшіліктің назарын өзіне аударып отырған – Сюцай ілімі. Ол – ХХI ғасырдағы психологияны зерттейтін сандық ғылым.
Бұл сала бойынша әр санның артында адам тағдыры тұрады екен. Сондықтан сандарды сөйлету арқылы өміріңіздің бұралаң жолдарын түзетіп, жаңа да жақсы бағытқа бет бұруға әбден болады. Ол үшін әрбір санның құпиясын жетік меңгеру қажет. Сюцай ғылымында адам өмірінің философиялық деңгейіне басымдық беріледі.
Сюцайда әрбір сан – белгілі бір қасиеттің бейнесі. Мәселен, біреуінде жетекшілік қабілет байқалса, екіншісінде нәзіктік пен мейірім мол, ал басқа бірінде іскерлік пен табандылық басым болады. Осылайша, сандар адамның ішкі әлемін айнадай көрсетіп, оның қай салада табысқа жетерін меңзейді. Айталық, 1 саны – бастамашылдық, көшбасшылық, жігерліктің белгісі саналса, 2 саны – үйлесім, сезімталдық, дипломатияны, 3 саны – шығармашылық пен ой ұшқырлығын, 4 саны – тұрақтылық, еңбекқорлық, жүйелілікті білдіреді екен. Әрі қарай да осылай әр сан белгілі бір қасиетпен байланысады.
Бәзбіреулер сюцайды болжау немесе балгерлікке балайды. Алайда мамандар оның мақсатын басқаша түсіндіреді. Олардың айтуынша, сюцай – болашақты алдын ала айту емес, адамның табиғи мүмкіндіктерін дұрыс арнаға бұруға көмектесетін әдіс. Мұны мамандар бағыт беруші ғылым дейді.
Қазіргі таңда сюцайға ғылыми тұрғыдан толық дәлелденген ілім ретінде қарау қиын. Себебі оның тұжырымдары психология немесе нейробиология тұрғысынан ресми мойындалған жоқ. Дегенмен, сюцайды тәжірибелік психологияның қосымша әдісі ретінде қолданатын мамандар бар. Олар бұл ілім адамның өзін-өзі тануына, қабілетін дұрыс бағытта дамытуына септігін тигізеді деп есептейді.
«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді» деп ойшыл Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені рас. Әр санның астарында белгілі бір ойдың барына шүбә келтіре қоймаспыз. Дегенмен, сандардың құпиясын ашуға ұмтылып, тек сол сырдың жетегінде жүру жөн бола қоймас. Мұны да қаперге аларсыз, көзі қырақты оқырман!
Дайындаған Ақнұр САҒЫНТАЙ
27 тамыз 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930