» » Калькуляторсыз тез есептеу тәсілдері

Калькуляторсыз тез есептеу тәсілдері

ҰБТ кезінде, күнделікті тұрмыста немесе қарапайым математика сабағында кейбір амалдарды ойша есептеу қиындық тудырады. Әдетте, біз ондай кезде ойланбастан калькуляторға қарай жүгіреміз. Сондықтан бүгін сіздерге ешқандай құралсыз математикалық есептеулерді жеңілдететін бірнеше әдісті ұсынамын. 1. Екі таңбалы санды 11-ге көбейту 

11 санын екі таңбалы санға көбейткен кезде шешімнің үш цифрдан (???) болатыны белгілі. 

Яғни: 81*11=??? 

Одан бөлек мына бір қулықтарды білу керек: 

1) Бірінші цифр негізі санның алғашқы цифрымен сәйкес келеді (81); 

2) Ортадағы цифр негізгі санның цифрларының қосындысына тең болады (8+1); 

3) Үшінші цифр негізгі санның соңғы цифрымен сәйкес келеді (81). 

Сонымен: 

8*11=??? —> 8 (8+1) 1 —> 891 

Жауабы: 81*11=891 

Кей жағдайларда ортасындағы, яғни жақша ішіндегі сан екі цифрдан тұруы мүмкін. Ондай жағдайда сол жақша ішіндегі санның соңғы цифрын есімізде сақтап қаламыз да, біріншісін алғашқы жақша сыртындағы цифрға қосамыз. 

Мысалы: 78*11=??? 

7 (7+8) 8 —>7 (15) 8—> (7+1) 5 8 —> 858 

Жауабы: 78*11=858 

2. Санды 5-ке көбейту 

Кей жағдайда кездейсоқ бір санды 5-ке көбейткенде ойланып қаламыз. Кез келген санды 5-ке оңай көбейту үшін сол санды 10-ға көбейтіп, оны 2-ге бөлу керек. 

Мысалы: 49*5=? 

1) 49*10=490 

2) 490/2=245 

Жауабы: 49*5=245 

3. Соңы 5-пен аяқталатын сандарды квадраттау 

Мысалы: 35*35=? 

1) «35» санының алғашқы цифрын сол цифрдың 1-ге қосындысына көбейтеміз. Яғни, 3*(3+1)=12 

2) Осы шыққан санның соңына барлық жағдайда 25 санын жалғаймыз. 1225 

Жауабы: 35*35=1225
22 мамыр 2018 ж. 1 727 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 18:22
Achats Priligy Pas Cher Price Zithromax cheap cialis online Acquisto Levitra In Rete

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930