» » 12 саны – құпияның көзі

12 саны – құпияның көзі


«Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, 12 ұл мен 62 қыз бір күнде туған» деген байырғы жұмбақ бар. Ата-бабамыздан қалған мұндай асыл мұра білмегеніңді білуге, ізденуге, адамның ойын, фантазиясын кеңейтуге, өмірді жан-жақты тануға жетелейді. Осы жұмбақтағы сан атауларының астарлы жасырын ойын, құпиясын білуге деген құштарлық сезімім оянып, білгім келіп зерттей бастадым. Нәтижесінде 9,12 сандарынан екі оқушым ғылыми жоба қорғап, республикалық байқаудан алдыңғы орындар иеленген болатын.
Сандарсыз адам өмірін елестету қиын. Адамның тұла бойынан бастап жүріп-тұруы, ішіп-жемі, еңбегі, демалысы, барлығы да сандарға тәуелді. Ежелгі ғалымдар сандардың ерекше әрі таңғажайып қасиетке ие екенін зерттеп шыққан. Бұл үрдіс діни нанымдарда да көрініс табады. Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді.
Енді тақырыптан ауытқымай жоғарыдағы жұмбақтың жауабына оралсақ. Жуан ағашымыз – адам, 12 ұл – адамның мүшесі, 62 қыз – сол он екі мүшеге баратын алпыс екі тамыр екен. Сонда адамның тұла бойынан бастап оның жүріп тұруы, демалысы,еңбегі барлығы да 12 санына  тікелей қатысты екені айқын көрініп тұр. 
Тылсым табиғаттың құпиясына орай 12 санын былай жорамалдаған. Бір жыл 12 айдан құралса, адамның тұла бойында 12 дене мүшесі бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 тәулікті құраса, ежелгі қытай емшілерінің болжауынша адамның да буындары 365-ке сәйкес келеді екен. Бұл адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды.
Адам алақанының тұтастығы аспан іспеттес. Қолдағы 5 саусақтың бірігіп тұрған төртеуі осы төрт текті, яғни адам баласының топырақтан жаратылғандығын білдірсе, бесінші аспанға қарап, тік тұрған бас бармақ Жаратушының жалғыздығын көрсетеді екен. Аспан әлеміндегі жер мен күн, айдың айналасындағы құбылыс заңдылықтарының барлығы да осы 12-ге негізделген. Қолдағы төрт саусақтың әрқайсысы айқын бөлінген үш буыннан тұрады. Бұл бөлінген буындар үш айды құрап тұратын жылдың төрт маусымы, ал бәрі бірігіп келгенде бір жылдың ішінде 12 айды сипаттайды. Ал аспанға қарап тік тұрған бас бармақтағы екі буын барлық құбылыстың бір-біріне қарама-қарсы екі зат, екі күй, екі қасиеттің (мысалы ақ пен қара, жақсы, жаман) басқа да толып жатқан жұптылық заңдылықтың бар екенін, оны игеріп тұрған бір Алла Тағала екендігін білдіреді. Төрт саусақтың екеуінің ұзындық өлшемі бірдей саусақтар көктем мен күздің, күн мен түннің теңелуін білдірсе, бірі ұзын, бірі қысқа саусақ қыс пен жаздың қысқаруы мен ұзаруын білдіреді.
Қазақтың байырғы күнтізбесі бойынша 12 айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттар атын берді. Оларды қазына деп атаған. Жыл аттарын хайуанаттармен атау туралы да аңыз бар. Біздің білуімізше, он үш хайуан жыл атын иемденуге талап қылып өзара таласады. Ол тышқанның ептілігімен күнді бірінші болып көргендігі. Екінші бір аңыз түсіндірмесінде түйенің дене құрылысына байланысты делінген. Яғни мүшелерін хайуандар бәрі жиылып, түйенің денесін бөлісіп алған екен. Шынында қарағанда құлағы тышқанға, тұяғы сиырға, кеудесі барысқа, ерні қоянға, мойыны жыланға, шудасы жылқы, жоны қой, бөксесі мешін, төбесі тауық, сандары итке, құйрығы доңызға ұқсайды емес пе? Яғни түйеде жылдың 12 нұсқасы бар. Ол 12 түрлі жан иесінің жиынтық нұсқасы. Демек, мүшел он екі жылдың символдық синтезі десе де болғандай. Он екі жылды адамның бір мүшелі, яғни қатерлі жыл деп арнайы атап өтуі де тегін емес.
Азия халқының жылдарды белгілеуін зодиак тілімен айтсақ, былай түсіндіріп береді. Тышқан жылы туғандар – зерек, сиыр жылы туғандар – қайтпас қайсар, барыс – тәкаппар, қоян – биязы, сыпайы, ұлу –арманшыл, жылан – ұрыс-керіске бейім, батыл, жылқы – ашық, жарқын, қой – момын, табанды, мешін – зерек, қағылез, тауық –болжампаз, сәуегей, ит – адал, мейірімді, доңыз – байсалды, дархан болып келеді.
Қазақтың Ораза айын 12 елдің сұлтаны деп атаған. Өйткені бұл айда ұрыс-керістен, дау-жанжалдан, ұрлық-қарлықтан арылып, тек денсаулық, тазалық, жақсы мінез қалыптастыру керек дейді.
Бабаларымыз Қожа Ахмет Яссауи мен Бекет ата ілімінде қасиетті 7,12 сандарын аса құрметтепті. Бекет ата 7 бөлмелі үй салдырса, Яссауи алғашқы «аманатты» 12 жасында қабылдаған. Ұстаз атқан жебесінің түскен жеріне салдырған Шақпақ ата мешітінің сыртында да ұзын саны 12 ойық кездеседі. Ал Шопан ата медресесінде 12 бөлменің орны бар. Осы қасиетті 12 саны Бекет ата өмір сүрген кезеңде де сұпылық тарихатының 12 мақамы іспетті сырттан ішке кіріп, мешіт қабырғасынан орын алып, 12 «қыр және тесікпен» бейнеленген.
Сондай-ақ ертедегі халық емшілері адамның он екі мүшесінің әр бөлігі тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі, деңгейіне ауытқып, ылғи алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі заманауи медицина ілімінің өкілдері де мойындап отыр. Ғылыми деректер бойынша адамның он екі мүшесінің, яғни қызмет жүйесінің әр бөлігінің тәуліктегі күш-қуаты төмендегідей. Мәселен, таңғы сағат 3-5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артса,  5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді. 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарса, 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады. Күндізгі 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді. Ал түскі сағат 13-тен15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артса, 15-тен17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі, 19-дан 21-ге дейін иық сүйегінің қызметі күшейеді. Кешкі сағат 21-ден 23-ке дейін өттің күш-қуаты молайса, сағат 23-тен түнгі 1-ге дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді. Тек 12 сағаттан кейін ғана әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төмен шегіне жетіп тынышталады. Он екі мүшенің күш-қуаты(энергиясы) шарықтау шегіне жеткенде сол мүшенің ауруы асқынады, адам қатты қиналады. Он екі мүшенің қабынуы, қалпына келуі 12 сағаттық мерзімге байланысты екен. 12 мүше, 12 сағат,12 ай, 12 күн бұл да бір табиғаттың жұмбақ сыры.
Атақты шипагер ғалым, ел арасында қазақтың алғашқы Ибн Синасы атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «12 ғибраттан айырылма» деген толғамы да бар. Ол ғибратты төменде толық ұсынуды жөн көрдім.
1. Жағаласта жаныңнан айырылма
2. Ақылыңнан айырылма
3. Көш бастаушы көсеміңнен айрылма
4. Шешеніңнен айырылма (Тіл кесілмес атқан оқ)
5. Көппен көресің, еліңнен айырылма (өзіңді зор, басқаны жер деме)
6. Жаныңды алсаң да, сырыңнан айырылма
7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма
8. Ризғысыз пенде болма, даяр асың малдан айырылма.
9. Ағайынсыз, туыс, дос-жарансыз кім бар? (болмашыға өкпелеп, досыңнан айырылма)
10. Қырық найза қарғы деп, қорқудай баспанаң, қосыңнан айырылма.
11. Пенде қару санаты бес қарудан, шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма
12. Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма.
Шипагер әр пендеге пайдалы іс істе, пайдасызға жолама, басыңа күн туғанда осы 12-ден айырылма деген философиялық ой толғамы арқылы адалдыққа, парасаттылыққа, батырлыққа тәрбиелей отырып, Отанын, елін қорғауға ақыл-кеңесі екендігін айқындайды.
Егер біз сандардың қадір-қасиетін толық біле отырып, әрбір сан атауы жайлы ой толғап, осы сандардың қалай дүниеге келгенін біліп отырсақ, адам баласының өткен тарихқа, ата-бабамызға деген құрметі сол болмақ. Он екі санын өзіміздің күнделікті  қолданыста жүрген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, мақал-мәтел, рулық шежіремізден де анық көруге болады. Сыр өңірінен шыққан жүз шайырдың бірі Дүр Оңғар бабамыз әулеті 12 ата Бай ұлынан. Сондай-ақ қазақ тілінде 42 әріп, 37 дыбыс болса, оның 12-сі дауысты дыбысқа жатады.
Бұрын қазіргідей бәрі жеңілдетілген заман болады десе сенбейтін едік. Бұл ақпараттық заманда кез келген хабар белгілі бір сандардан құралған код арқылы жеткізіледі. Тіпті адамдардың да өзіне ғана тән жеке сандары болады. Қарап отырсақ жеке сәйкестендіру нөміріміз де 12 саннан тұрады екен. Ал енді бұл санның құдіретіне сенбей көріңіз.
Ежелгі қытай ғұламалары да сандардың ішіндегі 12 санының қасиеті, мағынасы зор болғанын айтады. Бұл «барлық тіршілік ортасы», «рух үйі» ұғымдарын аңғартады. 12 санын шырша ағашымен де теңестіреді. 12 санының омонимі «оңай ұтыс» деп аталады. 1 санының омонимі намыс немесе ұтыс болып саналады. 2 саны қосылу, толықтыру символын білдіреді. Яғни достық ұғымында жер мен аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын ер мен әйелдің киелі одағы, күн мен түн, ақ пен қара, т.б. жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын яғни екі энергия ұғымын білдіреді екен. Өсу мен дамудың белгісі, 12-лік циклы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақ болып саналады.
Қорыта келгенде, ойымды Энгельстің «Сан және фигура ұғымдары басқа ешқайдан емес, тек шындық дүниеден алынған дүние» деген сөзімен толықтырып, Гаустың «Математика – барлық ғылымдар патшасы» деген ойлы сөзімен түйіндегім келіп тұр. Сандар сиқырын түсіндіретін математиканы адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал.
Салтанат ТӨЛЕПОВА,
Дүр Оңғар ауылы
27 тамыз 2025 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930