» » Тітіркену қалай пайда болады?

Тітіркену қалай пайда болады?


Тітіркену – шартсыз рефлекс. Қоршаған ортада болып жатқан оқиғаға адамның сезімі арқылы жауап қатады және туа бітті қалыптасқан. Тыңдаған әуеннен, суықтан, ең бақытты сәтте, қатты қорыққан шақта және уайымдаған кезде денеміздің тітіркенетіні жасырын емес. Ендеше бұл үрдіс қалай жүзеге асады?

Теріде бүршіктердің пайда болуы – тітіркену үрдісінің сыртқы белгісі. Ал, тері астында өзге үрдіс іске асады: әрбір түктің түбірінде адам денесіндегі ең кішкентай бұлшық ет бар. Оны ғылымда erector pili немесе түк фолликуласы деп атайды. Олар ширығып, жиналған сәтте түктер көтеріліп, теріде бүршіктер пайда болады.

Бір қызығы, ғалымдар әлі күнге дейін тітіркенуге не себепші болатынын нақты айта алмайды. Тек қана бұл  адамның өмір сүру кезеңдерінде тіршілікті сақтап қалу мақсатында қызмет атқаруы мүмкін деген болжам бар. Биология пәні бойынша бәрімізге мәлім: ежелгі адамдар денесінде түк өте көп болған. Тері мен қоршаған орта арасында ауаға толы қабат түзе отырып, сыртқы ортадағы жағымсыз жағдайдан қорғаған.

Бірақ, неге тітіркену тек қорыққанда ғана емес, бақыт сезіміне бөленген сәтте де жүреді?

Юта штаты Университетінің (Utah State University) докторы Митчелл Колвер (Mitchell Colver) тітіркенудің суық пен қорқыныш кезінде пайда болуын ғана емес, адамның қуанғанында пайда болатын тітіркенуді "рахаттану толқыны" ретінде қарастырған. Зерттеу нәтижесінде қуаныштан тітіркену үрдісі тек 2/3 адамда кездесетіні анықталған.

Колвердің сөзінше, бұл да – қорқынышқа жауап берген адам денесі секілді қалыпты құбылыс, "ұр да, қаш", яғни шартсыз рефлекс нәтижесі.

Одан бөлек, кез келген күтпеген жағдай адамның денесінде адреналиннің бөлінуіне алып келеді. Ал, бұл гормонның бөлінуінің сыртқы белгілері: тершеңдік, тыныстың тарылуы, жүрек соғысының артуы мен тітіркену.

Митчелл Колвер  адамның денесінде музыка немесе фильм (көру сезім мүшесі) арқылы туындайтын тітіркену белгісі дофамин "бақыт гормонының" бөлінуімен де тығыз байланысты екенін айтты.

15 қаңтар 2019 ж. 2 031 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031