Адам денесіндегі өзгермейтін белгілер
Адам денесіндегі кей белгілер мүлде өзгермейді екен. Назарларыңызға осы белгілердің тізімін ұсынамыз.
Бармақ табы
Фактілерге негізделгенде, қазір дүниеде бармақ табы жоқ 20 адам ғана бар екендігі анықталған, бұдан басқа дүниедегі әрқандай адамның өзіне ғана тән бармақ табы бар, ол адамның өмірінің ақырына дейін сақталады.
Ерін табы
Ерін табы да бармақ табы сияқты даралыққа ие. Сырттай көзге ерін табы қарапайым көрінгенімен, шындығында әр адамның ерін табының сызықтарының ұзын-қысқалығы, жуан-жіңішкелігі әркелкі болады, әрбір адамның ерін табы әр-түрлі.
Тіс табы Тіс – адам денесіндегі сақталу уақыты ең ұзақ болумен бірге, тіс үстіндегі қалған белгілер де өте ұзақ уақыт сақталады. Әр адамның тісінің тізілуі және заттарды тістеген кезде қалдырған ізі ұқсамайды.
Көз
1984 жылы АҚШ-тың «Көз айырмашылығы компаниясы» көз алмасына кескін түсіріп айырмашылықты анықтау жүйесін тапқырлаған, бұл тәсіл бойынша адам көзінде сақталып қалған кескін ізі арқылы тексеру жүргізу бармақ табы бойынша анықтауға қарағанда дәлдігі күшті әрі сенімді, тез әдіс болған.
Шаш
Шаштағы микро элементтердің мөлшеріне, құрылыс ерекшелігіне талдау жасау арқылы бір адамның жасын, жынысын, денсаулық жағдайын, қоректену ерекшелігін және қайсы құрлықтың азаматы екенін анықтап алуға болады екен. Қан Адамзаттың қаны жеке топтарға бөлінумен бірге, ол өмір бойы өзгермейтіндіктен абсолютты тұрақтылыққа ие. Сондықтан, қан тобына қарай адамдарды айыру, қажет болғанда ата-аналық байланысты анықтауға болады.