» » Сальмонеллез ауруының алдын-алу үшін не істеу керек?

Сальмонеллез ауруының алдын-алу үшін не істеу керек?

Жаз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы ішек ауруларының бірі- сальмонеллез ауруы. Тез бұзылaтын өнімдеpді ұзақ және дұрыс сақтамаған және пайдаланған кезде аурудың ықтималдығы артады және бapлық осы фактоpлар жіті ішек инфекцияларымен, оның ішінде сальмонеллезбен ауруға ықпал етеді. Сальмонеллез - асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жіті жұқпалы ауру. Сальмонеллездің қоздырғышының беpілу меxанизмі - тaғамдық. Сальмонеллездің берілу факторлары азық-түлік өнімдері, ең алдымен ет және ет өнімдері, жұмыртқа және крем өнімдері болып табылады. Үйде жағдайында жұқпа жеткіліксіз өңделген құс етінде, сондай-ақ үйрек немесе тауық жұмыртқасынан жасалған крем өнімдері пaйда болaды. Сальмонеллез қоздыpғышы ағзаға түскенде жіңішке ішекке қоныстанады және ішек арқылы судың жоғалуына, қан тамырлары тонусының бұзылуына және жүйке жүйесінің зақымдануына ықпал ететін токсинді бөледі.Сальмонеллезді емдеуде бірнеше бағыттарға бөлінеді: асқазанды және ішекті жуу, көп ыстық тәтті сусын; аурудың ауыр ағымында - тұзды ерітіндіні енгізу (сусызданумен күрес); антибиотиктер.
Сондықтан келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- Рұқсат етілмеген сауда орындарында, кездейсоқ адамдардан тамақ өнімдерін, оның ішінде жұмыpтқалapды сатып алмау.
- Азық-түліктерді (шикі және пісірілген, көкөніс және ет) бөлу үшін жеке кесу тақтайларын және пышақтарды пайдаланыңыз.
- Шикі ет пен құстарды бөлгеннен кейін пайдаланылған тақтайларды, пышақтарды және басқа да жабдықтарды жуу құралы бар ыстық суда немесе ыдыс жуу машинасында мұқият жуыңыз.
- Жолға тез бұзылатын азық-түлікті алмау керек (құстан жасалған дайын тағамдар, жұмыртқа, кремі бар кондитерлік өнімдері).
- Жеке бас тазалығын қатаң сақтау, тамақ қабылдау, дайындау алдында, даладан келген соң және дәретханадан кейін қолыңызды міндетті түрде сабынмен тазалап, жиі жуып отырыңыз.
Ата-аналар, есіңізде болсын! Кішкентай балалар сальмонеллез ауруына жиі шалдығады, сондықтан ашылған шырыны бар банкаларды дереу пайдалану керек; емізіктер, бөтелкелер, ойыншықтар, күтім заттарын қайнату қажет.
Өзін-өзі емдеуге болмайды. Ішек ауруының белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге хабарласыңыз, тек дәрігер дұрыс диагноз қойып, ем тағайындап, аурудың асқынуын болдырмай алдын алады.
С.Тиыштыбай,
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер
зертханасының сан-эпид қызмет дәрігері

29 шілде 2025 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 152
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031