САЛЬМОНЕЛЛЕЗДІҢ ҚАУІПІН БІЛЕСІЗ БЕ?
Сальмонеллез – нәжіс-ауыз механизмімен берілетін "Enterbacteriaceae" тегіне "Salmonella" тобына жататын қоздырғыштардың ішке түсуінен пайда болады. Клиникалық белгілері бактерия тасымалдаушылықтан бастап аурудың асқынған түрі сепсис пайда болуымен сипатталатын, тез өрбитін полиэтиологиялы, зооантропонозды, бактериалды жіті ішек инфекциялық ауру.
Сальмонеллез көбіне тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтеді.
Сальмонеллез жылдың барлық мезгілінде кездеседі. Әсіресе күз, жаз мезгілінде.
Зертханалық диагностикасы:
1. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, зәр, қан, өтті, зерттеу.
2. Серологиялық әдіс: АР, ГАТР.
Сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерулерге жатады:
1) Ауруханаға түсетін 2 жасқа дейінгі балалар;
2) Ауруханада жатқан балаларды күтетін ересектер;
3) Ауруханаға түскен кезінде немесе оның алдында 3 апта бойынша ішек қызметінің бұзылуы болған босанатын, босанған әйелдер;
4) Диагнозына қарамастан, ауруханада болу кезінде немесе оның алдында 3 апта бойына ішек қызметінің бұзылуы тіркелеген барлық науқастар;
5) «Халықты декреттелген тобына міндетті медициналық бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығына сәйкес декреттелген контингент;
6) Сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің адамдары.
Алдын алу шаралары: «Сальмонеллез» ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қоздырғыштың инфекция көзін, берілу жолдарын анықтап залалсыздау әдістерін, ластанудан қорғау шараларын ұйымдастырудан құралады:
1. Тағам өндіру, көпшілік тамақтандыру, сауда мекемелерінде тағам өнімдерінің талаптарға сәйкес дайындалу, сақталу, тасымалдау, жағдайларын қадағалау.
2. «Декреттелген» қызметкерлердің уақытылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.
3. Ет өндіру, ет сату, сүт жинау, өңдеу мекемелерінде санитарлық-ветеринарлық шаралардың орындалуын қадағалау.
4. Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде, қоймаларда, базарларда, мұздатқыш камераларында дезинфекциялық-дератизациялық жұмыстарды жүргізу.
5. Сальмонеллездің инфекция ретінде таралуын алдын алу, балалар ауруханасында, босану үйлерінде індетке қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау, госпиталдық эпидемиолог қызметін күшейту.

М.БЕРМАХАНОВА,
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің
Бактериологиялық және паразитологиялық
зерттеулер зертханасының лаборанты